Жетекші цифрлық оператор Beeline Қазақстан қажетті корпоративтік рәсімдерден өткеннен кейін күшіне енетін кадрлық тағайындаулар туралы хабарлайды.
Бұл өзгерістер басқарушы команданы күшейтуге және өңірдегі бизнестің цифрлық трансформациясын одан ары дамытуға бағытталған.
Евгений Настрадин VEON Group executive менеджменті құрамындағы жұмысын жалғастырып, Beeline Uzbekistan компаниясының бас директоры қызметіне тағайындалады.
Евгений компанияны 2019 жылдан бері басқарып, Beeline Қазақстан холдингінің бас директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен компания операциялық тиімділікте, сондай-ақ fintech, ойын-сауық сегменті және жасанды интеллектің тәуелсіз модельдерін дамыту бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Джаббор Каюмов Beeline Қазақстан холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалады. Оның телекоммуникация саласында 20 жылға жуық халықаралық басқару тәжірибесі бар және ол VEON, Telia, Digicel және Axiata Group сияқты жетекші халықаралық компанияларда басшылық қызметін атқарған.
Beeline Қазақстанға дейін Джаббор Каюмов Непалдағы Ncell (Axiata Group) компаниясының бас директоры қызметін атқарды. Онда ол 16 миллионнан астам абонентке қызмет көрсететін оператордың бизнесін дамытуға жауапты еді. Ал оған дейін ол Digicel Jamaica және Digicel Trinidad & Tobago компанияларын басқарды. Аталған компанияларды цифрлық операторларға трансформациялап, негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштердің өсуіне зор үлес қосқан.
Джаббор Каюмов өзінің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты былай деді: «Мен үшін бұл жай ғана жаңа лауазым емес, компанияның келесі даму кезеңі үшін өз мойныма алатын үлкен жауапкершілік. Бүгінде Beeline Қазақстан – тек телекоммуникациялық оператор ғана емес, миллиондаған клиенттің өмір сапасына әсер ететін технологиялық платформа. Менің міндетім – командамен бірге осы ауқымды одан әрі күшейту: сұранысқа ие шешімдерді жылдам іске қосу, сервис сапасын арттыру және клиенттері, қызметкерлері және ел мүддесі үшін дамитын тұрақты бизнесті құруды одан ары жалғастыру».
«Beeline Uzbekistan-ды компания дамуының осындай маңызды кезеңінде басқару мен үшін үлкен мәртебе. Өзбекстан – өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан цифрлық нарықтардың бірі және мен мұнда әрі қарай өсу үшін зор әлеуетті көріп отырмын. Біз желіні жаңғырту, клиенттік тәжірибе сапасы және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелер көрсетіп үлгерген компанияның жетістіктерін еселей түсеміз», – деп атап өтті Евгений Настрадин.
Тағайындаулар тиісті корпоративтік және реттеуші рұқсаттарды алғаннан кейін, шамамен 2026 жылғы 1 сәуірде күшіне енеді деп күтілуде.
Beeline Қазақстан туралы
Beeline Kazakhstan – елдегі жеке және корпоративтік клиенттерге мобильді және тұрақты байланыс қызметтерін ұсынатын цифрлық телекоммуникациялық холдинг. 11,8 миллионнан астам қазақстандық Beeline-ды өз байланыс операторы ретінде таңдап, қызметін пайдаланады.
Холдинг жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін белсенді түрде дамытуда. Оның ұлттық тіл моделін жасау тәжірибесі Beeline-ға жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді жасауға, сондай-ақ сыртқы және ішкі 60 цифрлық өнімнен тұратын экожүйесін күшейтуге мүмкіндік береді. Beeline-ның қаржы, сауда және ойын-сауық саласындағы цифрлық қызметтерін 13 миллионнан астам адам пайдаланады.
Холдинг құрамында шетелдік қатысушы бар ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады, үздік жұмыс беруші (Top Employer) ретінде сертификатталған және инновациялық компаниялардың X20 рейтингін басқарады.





