Илья Оразақов «Алматы қаласы халықаралық спорт жобалары дирекциясы» мемлекеттік қорының директоры қызметінен кетіп, "Алматы" телеарнасының бас продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Илья Оразақов 1983 жылы 18 маусымда дүниеге келген. 2000 жылы Boston Washington secondary school-ды (USA) аяқтап, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да және Абай атындағы ҚазҰПУ-да, 2009 жылы KIMEP-те оқыды. Еңбек жолын 2002 жылы «Tamos Education» ЖШС-ның арт-директоры болып бастады. Одан кейін «Admiral Nelson» директорлар клубының басшысы қызметін атқарды. «В новый день», «Утренний Казахстан» теле-жобаларының жүргізушісі, әрі «Hitech and Art» жобасының продюсері, "31 арнасындағы" «Диалоги» жобасының жүргізушісі әрі продюсері қызметінде болды. 2005-2007 жылдары "Алматыдағы мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры" директорының орынбасары, Алматы әкімдігінің Мәдениет басқармасы концерттік бөлімінің директоры және «NRG» («Da Vinci» ойын-сауық орталығы) ЖШС-ның басқарушы директоры болды. Жаңа қызметіне дейін «SalomonMediaGroup» ЖШС-ның бас директоры, 24.kz телеарнасындағы «Спорт 24» теле-жобасының бас продюсері және жүргізушісі қызметін атқарды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024