Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан темір жолы Наурыз қарсаңында қосымша пойыздар шығарады

Қазақстан темір жолы Наурыз қарсаңында қосымша пойыздар шығарады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан темір жолы жолаушылар ағынын қамтамасыз ету үшін үш қосымша пойыз тағайындап, барлығы 20 рейс орындайды.

Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттардағы қолданыстағы құрамдарға 230-ға жуық тіркеме вагон қосылады. Соның нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда жүреді:
– №201/202 АлматыАстана (6 рейс)
– №204/203 АстанаШымкент (8 рейс)
– №205/206 АқтөбеАстана (6 рейс)

Компания мәліметінше, бұл шаралар мереке күндері билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Билеттерді ресми сайттан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Ұқсас материалдар