Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп, саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын, оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің, адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі (нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек өніміне ғана тән алынады. Меншік жүйесінің дамуынан туындайтын бір нысанға көп тұлғалылық (субъекті) идеясы да толық ғылыми негізделмеген пікір ретінде өмір сүруде. Ең негізгі мәселе-меншік капиталының ұғымының өзіндік экономикалық мәнін талдау, оның экономикалық және шаруашылық - мүлік қатынастарымен тәуелді байланыстары ғылми жүйеленбеді деп айтуымызға болады.
І МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Меншік экономикалық категория
Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бұл типтес күбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы молім — жадпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудщ сипаты, формалары және әдістерімен айқывдалады. Бұлар бір-біріне оте кұрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлар-дың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштык хал-жәй бүзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуаддық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансүлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншікгің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға ауысуға жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысусқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен, үлестік түрге (баланың үлесін бөлу) айналуы және керісінше (жұбайының меншігі - жасауы) - жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке объектері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке, индивидуалдық (жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені Бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері қандай болмасын, өзінің қарама-қарсьшығы ретінде қатынасады. Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпы халықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің - қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық, аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қол өнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орының ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің. отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мындаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, коғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
2.1. Қазақстан республикасының меншік емдену заңдары және экономикалық категориясы
Меншік - экономикалык категория.
Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затгы жеке пайдаланбаса , меншік туралы сүрақта тумайды. Меншік субъектін осы затты пайдалануға ерекше күқы барын сипатгайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық қүрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы түжырым: меншік - мате-риалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды ендірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық емес күштеудің барынша ма-ңызды формалары, меншіктің әр алуан объектінін монополиялану-ына сүйенеді. Демек, антикалық өндіріс тәсілінде, экономикалық емес күштеу құлға - тікелей өндірушіге - меншіктің бар болуына негізделген, азияттық өндіріс тәсілінде, айтылған жағдай жерге меншіктің болуына негізделеді; феодализмде - жеке өндірушіге және жерге меншіктің болуына негізделеді. Еңбек етуге экономи-калық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің болуынан, яғни, капиталға меншіктің болуынан туады.
Экономикалық қатынастардьщ кемелденген жүйесівде, меншік ең езекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Танып білу эко-номикалық қүбылыстарды ашумен, олардың бар екенін білумен бітпейді. Меншік катынастарын зерттеу процесінде қүбылыстар-дың мәнін айқындап, солармен айналысу қажет. Гегель айтқавдай, болмыстың ақиқаты соның мәні болады. Қүбылыстардың мәнінің қозғалысы, болмыстан түсінікке көшуді сипаттайды. Осы жолмен біздің де өтуіміз қажет.
Меншік - өте күрделі және кеп жақты қүрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бүл типтес қүбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бүлардың бірінен бірінің айырмашы-лықтары коғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бүлар бір-біріне өте күрделі езара өсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, бүлар-дың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның эконо-микалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінін өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жөй бүзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырма-шылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін жөне бөлінбейтін), жалпы-лық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекетгік, трансүлттык, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмүны жалпы-лықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара ал-масуға ауысуға жол береді, басқасы бүны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылыш көп түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысусқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен, үлёстік түрге (баланың үлесін бөлу) айналуы және керісінше (жұбайының меншігі — жасауы) — жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке объектері бірлестік пайдалануда (үй, пөтер), басқалары жеке, индивидуалдық (жеке бастың заттары) пайдала-нуда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырма-шылықтар қарама-қарсымыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені бүл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншікгің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері қавдай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелеңдіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпыхалықтық меншікті жеке меншік етіп қайта қүру болады, ал национализациялау -керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің — қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, өуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері үзақ мерзім бойы кейбір этникалык топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып кедді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық аулау күраддары, қолөнер-косіпкерлік еңбек қүралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке күн корісін озі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бүндай шарттар қолонер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте үзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның үжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мүның орынын ауыддың коршілес қауымы басты. Мүндай кауымға дуа-лизм тән болады: егістікке, жайылымға, орманга, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы жоне жеке меншік жалгыз мөннің әр түрлі көрінісі болып мыңцаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің даму-ында, бірдей болмайды.
Меншік және иемдену зандары.
Меншік қатынастарын дүрыс түсіну үшін, оны иемдену қаты-настарымен салыстыру қажет. Иемдепу — затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы белгісін қүрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, орқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - көпдөрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар кебінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады — иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және опдіруші шаруашылықтар. Әр еддердің экономикасындағы бүлардың ролі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуінінде қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену катынастары өндіріс, болу және айырбаспен толықтырылған бола-ды. Индивидуалдык өндірістщ қоғамдық ендіріске айналуы, иемденудің қүрьыымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді.
Иемденудің ең бастапкы кезеңін, қоғамньщ мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын, ендіріс қүрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас жөне белу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің едісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер түрақты әсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасавды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келмеуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік завдары мен иемдену завдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекетгік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарас-тары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің сцбегініқ өніміне меншік заңы, меншіктің біріпші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемдену заңы: еңбек — иемденудің тщгыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.
Меншіктің бірінші заңының негізінде натуралдық жөне жа-байы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бүл еңбектік (еқбек жасаган) меншік болып табылады. Осы за-мандағы нарық шаруашылығының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне — ботен еңбектің өніміне меншік заңына - көшуінің негізінде өтеді.
ІІ МЕНШІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қаты-нас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі оркениеттер өкілдері меншіктің табиғаты тура-лы және оның қоғам дамуындағы ролі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Конегрек олемінің идеалына сүйене отырып, Платон идеаддық мемлекет туралы ілімін дүниеге окелген. Бүнда азаматтар өндіріс шарттарын бірлесіп иемденеді. Жалпы меншіктің артықшықтарын дәлелдеу адамгершілік — енегелілік туралы ілімге негізделген бола-тын. Өнегелік - Бұл мән жоне рух бірлік, біртүтастык деп мойын-дау, өнегелілік, оны жеке алып қарағанда, жалпыламалық болып табылады; өнегелшік бағытында кызмет ету адамгершіліктің белгісі; жеке меншік жеке адамның мүддесін жалпы мүддеден жоғары үстай-ды, әр адам тек езі үшін меншік иесі болуды көздейді. Сондықтан жеке меншік өнегелілікке, адамгершілікке жатпайды.
Көне Римнің цивилизациясы басқа болды. Бүнда жеке тұлға түңғыш рет өзінің жалпыламалық бірлігінен беліне бастады, ин-дивидуалдық дамуға кедергі болатын тайпа мен ру екенін сезіну жойыла түсті. Жеке меншікке артықшылық көрсетіліп, оны мой-ындау орын алды.
Римнің идеалдары роман-герман цивилизациясында одан әрі дами түсті. Реформация Батыс олемінде омір, табиғат және дүниежүзі туралы адамгершілік бағалылықтарды өзгертті. Эгоистік, индивидуалистік тұлғаға бағытталған, протестант этикасының ықпа-лымен, экономикалық адам ұғымын, азаматтық қоғам және таптық мемлекет теориясын табиғи қүқық деп түсінетін, жеке меншік ілімі жарыққа келді, ал "адамның бостандығы, еркіндігі" деген түсінік, "меншігі бар адам" деген түсінікке айналды.
Қазақстандық цивилизацияның адамгершілікті бағалауы көне-грек әлемінің идеалдарына жақын болатын. Косіпкерлік, іскерлік қолдау алатын, ал дүниеқорлық, пайдақорлық айыпталатын, адамгершілікке жатпайтын.
Адамгершілік, онегелілік бірлік және руханилік деп саналып түсінілетін. Жалпы және жеке меншіктің үштасуына, үйлесіміне назар аударылатын, үміт артылатын.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәңдік қасиетгері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының накты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше күрылымын бейнелеп көрсетеді. Бүнда халықтың шаруашылық дағдысы, дэстүр-салты, рухани қал-жағ-дайы, оның құрметгеп бағалайтын жәйтгары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін модениетке сай келеді.
Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономи-каны реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, эконо-микалық жүйе сыртқы ортамен зат және куат айырбастасып оты-ратын ашык, жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементгерін жаңаландырып отырады, т.б. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени қүбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін үдайы өндіріуге максатталады. Сондықтан ол қатал, түйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі томен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байла-ныстарын және оның өркениеттік түтастығын бүзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі үдайы өндіру қабілетін сақ-тауға ат салысатын, экономикалық жүйенің әдет-ғүрыптары, сал-ты т.б. атқарады.
Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сырт-қы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңа-шыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне кемектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық, ғылымда «экономикалық үлгі» де-ген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түпнүсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.
Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мәлім) өркениеттің Батыс оркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптаскан экономикалық үлгілер аркылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпыресейлік нарыкты аралас эко-номиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады.
Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиет-термен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, релі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесш.
Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы — индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарьш көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікгі жанданды-рады, бірақ әр келісім көлемі үсақ болғандықтан, олар сүраныс пен үсынысқа әсер етпейді, соңдықтан нарықтың ешбір субъектілері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономика-лық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің езі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.
Әкімшілік-бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер ор-натады: экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі; нарық экономиканы реттеуші болмайды; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі; өндіріс шарттары-на қоғамдық, немесе, жеке меншік болады. Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бүйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым аркылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономи-каны басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік косіпорыңдардың қызметтерін өз қарамағына алады.
Ресейдегі XIX ғ. екінші жартысындағы шаруашылықтың ерек-ше құрылысы аралас экономика үлгісінің концепциясын қалып-тастыруға әкеледі. Батыс үлгісімен салыстырғавда, осы үлгі, жетекші укладтың басқа укладтарды өзіне сіңіруі арқылы кол жеткен экономикалық күрылымның біркелкілігіне негізделмейді. Ол бір-тұтас организмнің өр бөлшектері ретінде катар жүріп отыратын шаруашылық жүргізу формаларының көптүрлілігіне, шаруашылық іс-әрекеттердің көпауқымдылығына, экономикалық болмыстың көпполюстік болуына және оларда мәндік магыналар бар екеніне негізделеді. Аралас экономика үлгісінің философиялық негізін К.Н. Леонтьев ашқан заңның қорытындысы құрайды: экономикалық құрылымның бірдей болмауы және шаруашылық жүргізудің
формаларының көп болуы — бұл кемшілік емес, бұл олі практикаға енбеген идея түріндегі дамудың ішкі козі бар болғанының айғағы.
Батыс теоретиктерінің аралас экономика теориясына көзқарасы екі жақты деуге болады: аралас экономика теориясы бұлардың арасында кең қолданылатын, дүниеге бір бағыттан бір полюс деп қарап тану концепциясына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, олар дамудың басым (жетекші), негізгі тенденциясы деп, еркін бәсекеден жетілмеген бәсекеге, таза капитализм экономикасьшан бүйрық экономикасына жылжу екенін мойындайды. Айырмашылық тек бір полюстен екіншіге көшу қандай формалар арқылы жүруінде — капитаддың монополиясы, немесе, мемлекеттің монополиясы арқылы жүзеге асырылуында. Аралас экономика мынаны керсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін кабылдайтын шағын бизнессіз жоне экономикада тепе-тендік пен қоғамда тұраклылық қамтамасыз ететін іМемлекетпк кірісушіліксіз өмір сүре алмайды, мүмкін емес. Егер Ресейдегі аралас экономика бастапқы қүбылыс, ешкімді тандандырмайтын қарапайым жағдай болса, Батыста ол біркелкі экономикалық құрылымға бағытталумен байланысты пайда болған, шаруашылық омірдегі кайшылықтарды шешудің ерекше формасы болып табылады.
Батыста аралас экономика таза капитализмді ығыстыра бастады. Бір шектен екінші шекке үрыну, жоғарыда аталған екі үлгілерге тән болады, ал аралас экономикаға тон емес. Батыста онімді өндірушілер және өндіріс шарттарын сатып алушылар — ірі корпорациялар. Сондықтан экономикалық үстемдік (окімет) ыдыратыл-маған. Сонымен қатар, аралас экономикадағы экономикалық окімет тоталитарлық сипаттамада болмайды, ол окімшіл-бюрократгық әдіспен жүргізілмейді, сондықтан осы жағдайда болатын қатынастар айырбас қатынастарына үстемдік жүргізбейді, оларды толықтыра түседі; материалдық ресурстарға меншік халықтық, мемлекеттік, жеке меншік түрлерінде болады; әр субъектінің іс-әрекеті озінің мүдделерімен сәйкес жүргізіледі, бірақ қоғам колеміндегі үнамды максаттар белгіленген болады. Мемлекет экономикада белсенді кызмет атқарады, мемлекеттік және жеке секторлардың іс-әрекеттерін болжай-тын, жоспарлайтын және сойкестендіріп отыратын жүйе болады.
Технократиялық өркениет түрғысына қарағанда, дәстурлі эко-номика даму дәрежесі томен елдерге тон болады. Ол шынында экономикалық жүйенің бастапқы, түңғыш типіне жатады, оның әр алуан түрі бар, өйткені салтқа, дэстүрге, үлттық, мәдени, рухани тамырларға негізделеді. Бүнда меншіктің бірнеше түрлері мен формалары пайдаланылады. Осындай экономикаға тон бірнеше қасиеттерді атап отейік: экономикалық іс-қимыдцар бастапқы, ең жоғарғы байлық деп есептелмейді; индивид алдымен өзінің бас-тапқы қауымдасының мүшесі болып саналады; экономикалық өкімет саяси өкімет пен косылған, бірге жүргізіледі.
Дәстүрлі экономика өте тұрақты келеді. Оны реформалау оңай шаруа емес. Бүған дәлел, осы қоғамның табиғаты. Жеке адам әлеуметтік бірлестіктен бөлініп шықпаған жағдайда және эконо-микалық әрекеттер алғашқы нақты байлық деп мойындалмаған жағдайда, қоғамның тұрақтылығын сақтап қалу индивидті қорғау арқылы және оның осы статусын үдайы өндіріп отыру аркылы жүзеге асырылады. Батыс типтес нарык экономикасына көшу дәстүрлі қоғамның тұрақтылығын күйретуге бағытталады. Бүның нәтижесінде тұрақтылықтың ескі шарттары қүлдырап, жаңалары әлі жасалынбайды. Реформаны осылай жүргізу алдын ала оның нәтижесіз аяқталуына әкеліп соғады.
2.2 Экономиканы реформалаудағы меншік орны
Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XX ғ. басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реггелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр бодды. Еркін нарық механизмінің орнына ретгелген нарық механизмі кедді. Эко-номиканы мемлекетгік реттеу бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Соғыс біткен соң одан бас тарту бүрын болмаған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты (1929—1933 жж). Кейнс және оның мектебі осы жағдайды дүрыс түсініп, экономиканы реформалау қажеттігін үсынды. АҚШ-ғы Рузвелытің курсы прак-тика жүзінде олардың қорытындыларының дүрыстығын долелдеді.
Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрок-ратияда экономикалық өкіметгің тоталитарлық сюіатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдык меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бүйрык экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко түсындағы Испанияда, Пиночет түсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық жоне саяси шешімдердің үстемдігі болды.
Әлем тәжірибесінің дәлелі бойынша, тауар өндірісінің дамуында, меншік формасы ешқашан шешуші бастама болған емес. Нарық шаруашылығының негізін күрайтын бәсекенің озі меншік формасына парықсыздықпен қарайды. Бұл бекер емес, өйткені меншіктің екі формасыда мындаған жыддар бойы біртүтас мәннің көрінісі болып келеді. Меншік формапарының эволюциясы қоғамдык өндіріс процесінде жүріп отырады.
Өндірістің шоғырлануы мен босеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана занды тұлға болып танылады.
Тіпті меншікте капиталдың үлес салмағының тұракты түрде төмендеу тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың күрт кобейуі байқалады. Акционерлік капиталдың құрьшымында озгерістер болып жатыр. Акциялардың индивидуал-дық иемденушілерінің үлес салмағы азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуадцық үстаушысы ретіндегі рөлі томендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді.
Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі — тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді жеңілдетеді. Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымынын, даму дәрежесі; экономикалық окіметтің типі және оны жүзе-ге асыратын формалар; осы коғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық өрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра қүбылыстарды ашты.
Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолда-нылатын шараларды таңдау арқылы жүзеге асырылуы. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін өзгерістерді қабылдайды. Мысалы, терушілікті жоне аң аулауды кәсіп ететін адамдар және көптеген ғасырлар бойы егіншілікпен, мал өсірумен айналысатын кдуымдармен коршілес болған олардың өнерімен жақсы таныс болған, сондада өздеріне тон иелену одісін жоғалтпаған, одан бас тартпаған. Тек тым үлкен апат, күйзелістер оларды өндіруші шаруашылыққа бейімделуге мәжбүр еткен.
Достүрлі омір туралы бұрмалау жиі кездеседі. Шындығында, ол сіресіп қалған ескілік емес, ол жеке адамның онегелілігін сақтайтын коғамдастык емес, ол жеке адамға, қауымға тән, атадан атаға дарыған, үрпақтан үрпаққа жайылған онегелі салт, әдет-ғұрыпты сактап одан орі жалғастырудың жүйесі. Роман-герман өркениеті материалдық табысқа жетуді көздеп, іс-эрекет етуді ұнамды деп санаса, индо-будда өркениеті дүниеқорлықты, ашкөздікті, ал қазақ халқы тойымсыздық пен парақорлықты кіналайды. Ағыл-шындар, дәстүріне сәйкес бизнеспен айналысса, оның бизнес бой-ынша серіктесі — индиялық дәстүрге симайтын «прогрессшіл» қызметпен айналысқаны болады. Салт-дэстүр, өнегелік информа-цияны үрпақтан үрпаққа жалғастырып таратудың формасы.
Кей жағдайда реформаның табысқа жетуі үшін, қоғамдық байланыстарды алмастыру, экономикалық қызметтің онегелілік маңызын көтеріп, экономикалық өкіметтің сипаты мен әдістерін өзгерту жеткілікті болады. Кейде меншіктің басым формасын өзгерту реформаның қүлдырауынан қүтқармайды. Өйткені, ре-формалау болмыстың рухани-өнегелік, олеуметтік, психологиялық жақтарын козғайды. Ол адамның психикалық күйімен және оның реформаға кірісуімен байланысты болады. Осьшайша өнегелік тікелей халықтың байлығының қасиеттерінен бірақ шығады.
Реформалау оз мақсатына жету үшііі, халық омірінің ақиқатынан қол үзбеу керек. Ол объективтік оте аз озгеру, минималдық транс-формация заңына бағынысты болады: осы өркениеттің негізгі мәніне қатер туғызбай, қоғамды шаруашылық іс-қимылдың жаңа жағдайларына келістіретін озгерту жүргізу варианты ғана мақсатқа жетеді. Керісінше болса, реформалау жетістікке жол беретін күштен күйретуші кушке айналады. Жапонияның достүрлі экономика-сында нарықтыққа сәтті көшуін былай дәлелдеуге болады: мұнда дәстүрлі коғамның тұрактылығын үстап түрған тіректерді (негіздерді) жаппай жоймай, субъектінің ецбекті үйымдастырудың жаңа фор-масындағы ең бастапқы, түңғыш әлеуметтік бірлігінің тығыз бай-ланысын пайдаланған. Осының нәтижесінде жеке адамның бүрын-ғы статусы жаңа экономикалық жағдайда қайта жандана түсіп, ынталану мен онімділігі жағынан батыстағы формалардан арта түскен еңбекті үйымдастьфу формасы құрылған.
Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның орке-ниет ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. Қазақстанда коп мәселе дәстүрлік қоғамнан деуге болады. Өйткені осы қоғам-ныц белгілері бізден табылып отыр.
Дәстүрлі коғамның негізгі белгілері мынадай:
- экономикалық іс-қимыл біріншілік мүра деп қабыдданбайды;
- жеке дара адам үзак. мерзім бойы бастапқы әлеуметтік кауымнан бөлінбеген;
- қашанда жоғарғы экономикалық өкімет тым ортақтанған болады және ол жоғарғы саяси екіметпен біріге отырып өз әрекетін әміршш-әкімшілік әдістермен жүргізеді.
Сондада осы қоғам ерекше, күрделі типтес қоғам болып табылады. Қазақстан коп үлтты мемлекеттік құрылым болып этникалық бірлестіктерді — мәдениеттің көп түрлі өкілдерін — біріктіру әдістерін іздестіруге мәжбүр болды. Шаруашылық өмір тым көп түрлі болсада, ол тұтас экономикалық жүйеге айналмаған. Экономикалық біркелкілік болмау себебінің тамырлары тари-хи, табиғи, этникалық және мәдени негіздерге дарыған. Суперэт-никалық түтастық элементтерінің ара байланыстарын берік етуші экономика, әуел бастан олардың жақындасу кушімен камсыздан-ған. Қазақстан өзін үлттық және дін жағдайында сабырлы, тезімді ел деп танытқан, мүнда халықтар өз елдерінің әдет-ғұрпы заңдарына сәйкес өмір сүруге мүмкіндігі болған, ал саяси бірлестіктер белгілі турмыс қалпына әр халықтың қщы бар деген принципке негізделген. Еуразияның күн көрісті қамтамасыз ететін ландшафты әр халыққа ұнамды территория игеруге мүмкіндік берген. Өнеркәсіп өндірісіне көшу, шаруашылық. өмірдің қажетгігін жоққа шығармай, оның объективтік мәні бар екенін айқындады. Бұл болмысты қүлдыратуды көздеген, экономиканы баршаға ортақ үлгіге кешіруді мақсаттанған әрекеттер, ордайым алыстатып, ажы-рату күштерін жандандырып отырды. Нәтижесінде, суперэтника бірлігіне зиян келді және үлттық экономика қүлдырауға айналды.
Экономиканы реформалауда тыстан алып пайдаланылатын жағдайларды тандау қажеттілігінің маңызы еселеп өседі. Әсіресе, шаруашылықтың жаңа құрылымына көшу процесінде, бөтен тәжірибе, немесе, мақтауы асып кеткен үлгі, онеге деп қабылдан-са, әдетте, реформаторлар, өздерінің іс-қимылының жемісін көзі тірісінде коруді мақсат етіп, асығыстык жасайды, әлеуметтік және экономикалық ақиқатты басып озады, болып тұрған шаруашылық формаларын жояды, жаңа мүмкіндіктер әлі жоқ болсада, ескіні күйретеді. Әдетте, Бұлар өздерінің үлтгық мәдениетімен санаспай, оған менсінбеушілікпен қарайды.
Өкінішке орай, бүгінгі тандағы реформалау процесі әлі де Қазақстанның шаруашылық өмірінің ерекшеліктерімен есептеспей отыр. Өнеге ретінде, біздің елдің экономикалық құрылысына сәйкес келмейтін, экономика күрылымының біркелкілігіне суйенетін, батыс үлгісі алынып отыр. Халқымыздың этникалық, рухани ар-қаулары үмыт болуда, экономикалық орта мен мемлекеттілік күйреу-де: суперэтникалық бірліктің тұрақтылығын қолдаушы өнегелілік мақсаттарымен санаспау етек алуда. Жұмыскерлерді өндіріске тартудың экономикалық, формалары жоғалуда, адамдардың бір-біріне қажеттігі өндіріс жағдайында бой алғаны жөн екенінің мәні кетіп отыр. Реформалаудың жасампаздық күші әлі оның қүлдыратқыш күшінен ойдағыдай асып түсе алмай отыр.
Осы күнге дейін бәйгі, көсіпкерлік қимыддарды ынталандыру үшін емес, тек өзімен-өзі өндіріс тиімділігін көтеру мәселесін шеше алмайтын, жекешелендіру арқьшы меншік формасын алма-стыруға тігіліп отыр. Индивидуалдық меншік иелерінің санын көбейтуді көздеген әрекетгерде орындалмай отыр. Жекешеленген меншік, оны өндіргіш капиталға айналдыруға асықпайтьш аз адамдар-дың колына тиіп отыр. Бүкіл әлемдік тенденция есепке алынар емес: жоғары дамыған нарық экономикасы бар еддерде индивиду-алдық жеке меншік өз бағытын тек бөлу қатынастары арқылы сақтап отыр. Өндіріс сферасында үстемдік етуші — жалпы меншік, осы меншіктің акционерлік түрі. Шаруашылық өмірдің басты фигурасы — иемденуші — алдымен қарыз капиталын пайдалана-тын экономикалық субъект.
Қазақстаңцағы реформалар олардың жүргізілу баиыттарын қосып айтқанда, кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасай алмай отыр, сондықтан еңбекке және кәсіпкерлікке ынталандыру механизмі де жұмысқа қосылмай отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, Қазақстанда жеке меншіктендіру қиын да ұзақ та болды, халық шаруашылығының барлық салаларында дағдарыстың үдеуі өтпелі кезеңдегі дағдарысқа қарсы шаралар қолдана отырып, нарықтық қатынастарға бейімделген экономиканың барлық деңгейлерінде оны басқаруды реформалау және меншік капиталы нысандарының арақатынасы қажет. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың жұмысымда ұсынылған меншіктендіру мен меншіктендіруден кейінгі саясат, банкроттық және санация, қор нарығын дамыту сияқты және басқа жаңа нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану Қазқстанның ғаламдану үрдісінде нарықтық қатынастарға тезірек енуіне, жиырма бірінші ғасырда ТМД елдері арасында жетекші жағдайға жетіп, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуға мүмкіндік берді.
Жалпы өркениет дамуы тарихын түйіндесек, қоғамдық меншік түрлерінен жеке меншіктің өркендеуі, ал жеке меншіктің өзінің құлдық, феодалдық, буржуазиялық түр өзгерістері (типтері) қоғамдық еңбек бөлінісі дамуы деңгейлеріне сәйкес өндіргіш күштердің даму дәрежесіне байланысты. Өндіргіш күштердің аса жоғары даму көрсеткіштері өндірістік қатынастар жүйесіндегі меншік капиталының конструкциясына елеулі әсер етеді. Бірақ, бұл байланыс тікелей әсер етуші күш ретінде емес, аралық буын - шаруашылық, жүргізудің түріне, әдіс-тәсілдерінің ерекше формаларының қалыптасуы арқылы ғана жаңа мәнге ие болды. Ал, әлеуметтік-экономикалық формасы бұл құбылысты қалыптастырады, ол әдет-ғұрып, қоғамдық сана деңгейіне сәйкес дамыды.
Қорытындылағанда жеке меншік институты капиталдың алғашқы қорлану процесінен басталып, өнеркәсіптік революция - индустриалды өркениет және постиндустриалды қоғам дәуірлері дамыды. ҒТР дамуындағы оң өзгеріс салдарларды көрмегенсу ғылыми алдауға жат құбылыс. Осы даму нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың өзегі жеке меншік әртүрлі өзгерістеріне ұшырады. Қоғамдық меншік капиталы немесе акционерлік меншік капиталы және корпарациялық меншік капиталы, мемлекеттік-монополиялық меншік капиталы түрлерінің қарсаңында оңалды, меншік капиталы түрлері дамыды.
Меншік экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесінде көріне отырып, оның негізін, құрылысын айқындады. Осы арқылы әрқилы өндіріс тәсілдерінде дамудың көзіне айналды. Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне байланысты, яғни табиғат заттарын иемдену - адамдар үшін, адамдар арасындағы болатын қатынасты, - өз еңбегі өнімдерін иемденудің алғышарты ретінде сипатталды. Меншікті иемдену еңбек мәнімен үндеседі. Бұдан еңбек процесінің мән-мазмұнымен толықтырылуына сәйкес меншік пен еңбектің ұқсастық заңы шығады. Енді меншіктің тарихи дамуының негізгі элементтерін абстрактылы жорамалдау арқылы көрсетуге мүмкіндік туды.
Меншік ішкі қайшылығын ғылыми негіздеу аса елеулі нәрсе болып көрінбеуі мүмкін. Ал, өмір тәжрибесі, керісінше, меншік түрлері қайшылықтарын жоғарғы деңгейде шиеленісуінің зардаптарын алып келуде.
Нарықтық экономиканың ерекше саласы болып табылатын, кәсіпорынға меншік капиталының аз жұмсалуы, жұмысшылар санының шағын болуы, басқарудың қарапайымдылығы, қызмет профилі мен бағыттарының икемділігі, тез сұраным мен технологиялық жаңалықтардың жіті қадағалануы тән болатын шағын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу керек, әсіресе оған шетел инвестицияларын тарту қажет. Кәсіпкерліктің негізгі тұтқасының бірі аймақтарды шағын бизнеске оқыту, үйрету орталықтарын ашу, қолдау қорларын ұйымдастыру керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы "Қазақстан Республикасында 1998-2000жж. бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама" 1998ж., 28 қаңтар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, Заң күші бар "Бухгалтерлік есепке алу" туралы, 1995.
- Субъектілердін қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есөп шоттарының Бас жоспары. 1996.
- 4. Сатмурзаев А.А., Абдыкалыков Т,А. "Бухгалтерский учет в рыночной экономике". Алматы: Эк., 1998.
- Әбдіқалықов Т.Ә., Сатмурзаев А.А. Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
- Тасмағамбетов Т.А., Радостовец В.К., т.б. Қаржы есебі. Алматы: Дәуір, 1998.
- Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
- Елисеева И.И., Терехов А.А. Статистические методы в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.
- Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Национальная Академия наук РК; Международная аудиторская компания "Артур Андерсен Казахстан" -Алматы: Ғылым, 1994.
- Казахстанские стандарты по аудиту. С. Х. Кошкимбаев и др. Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.
- Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 4-е, перераб. и доп. М.: Филинъ, 2000.
- Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 5-е, перераб. и доп. М: Филинъ, 2000.
- Белуха Н.Т. Аудит: Учебник. Киев: Знання, 2000.
- Бурцев В.В. Управленческий аудит системы сбыта бытовой продукции. - М.: Маркетинг, 1999.
- Бухгалтерческий учет и аудит в строительстве Под. ред. В.А. Лукинова. М: Юрайт, 1998.
- Бухгалтерский учет и аудит. 500 вопросов и ответов Сост. И.Полонская. Ростов н/Д: Феникс, 1999.
- Бычкова С.М. Аудиторская деятельность. Теория и практика. СПб.: Лань, 2000.
- Бычкова С.М, Доказательства в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.
- Витулева Т.П. Бухгалтеру об аудите. М.: Бико, 2001.
- Волковой В.М., Лахова Е.В. Международные стандарты бухгалтерские учета. Основные принципы и приемы конвертации. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Аудитор, 2000.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024