Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мобильді аударым: Салық органдары күмәнді операцияларды қалай анықтайды

Мобильді аударым: Салық органдары күмәнді операцияларды қалай анықтайды

Қазақстанда азаматтардың мобильді аударымдарына бақылау күшейтіліп жатыр.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салық органдарының назарын қандай қаржылық операциялар аударатынын түсіндірді.

Вице-министрдің айтуынша, егер бір адамның есепшотына үш айдың ішінде шамамен 100 түрлі адамнан ақша аударылса, бұл жағдай автоматты түрде тәуекел аймағына енеді.

«Ай сайын әртүрлі адамдардан “тойға” немесе “туған күнге” деп тұрақты түрде ақша түсе беруі қисынсыз. Әріптестер арасында белгілі бір мақсатпен жиналған қаржы болса – ол түсінікті. Қандай да бір ортақ қажеттілікке ақша жинау жағдайларын да көріп, ескереміз», – деді Ержан Біржанов.

Алайда мәселе тауар немесе қызмет сату белгілері байқалған кезде туындайды. Егер есепшотқа әртүрлі адамдардан әрқилы сомада және жүйелі түрде қаражат түсіп отырса, бұл жасырын кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде бағалануы мүмкін.

«Мұндай операциялар назардан тыс қалмайды. Барлығы талданып, сараптамадан өтеді», – деп нақтылады ол.

Сонымен қатар, вице-министр салық органдары күмәнді жағдай анықталған сәтте бірден айыппұл салуға көшпейтінін атап өтті.

«Алдымен азаматқа хабарлама жіберіледі. Ақша аударымдарының себебі сұралады. Яғни, ең алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, диалог орнатылады», – деді Ержан Біржанов.

Ұқсас материалдар