Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нағыз дағдарыс енді басталады деп мәлімдеді. Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімовты қабылдау кезінде айтылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Президентке мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімдеме жасады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев республика экономикасының қиын режимде тұрғанына баса назар аударды.
"Энергия тасымалының төмендеуінен бюджетке кіретін кіріс 40 пайызға қысқарды. Бұдан бөлек, көмір мен қара-түсті металдарды қосқанда негізгі экспорт тауарларының бағасы түсіп кетті. Ауыл шаруашылығы аздаған өсім көрсетіп отыр. Ал өнеркәсіп өндірісі, яғни машина жасау ісі күрт төмендеді", - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Қытай, АҚШ, Ресей басшылығымен жасалған келіссөздерден бөлек, әлемдік нарықтағы жағдай Қазақстан экономикасына әсер етіп отырғанын жеткізді.
"Еуропа мен Шығыс Азия елдеріндегі экономика жағдайының жақын арадада реттелуін болжау қиын. Халқымыз аталған жағдай кәсіпорындар түсімінің азаюына, кірістің төмендеуіне және жұмыс орындарының қысқаруына әсер ететінін білуі керек. 2007-2009 жылға қарағанда нағыз дағдарыс енді басталады. Осыған байланысты Үкіметке сараптама жүргізіп, дағдарысқа қарсы жоспар құрып, нақты шараларды қарастыру туралы тапсырма беремін", - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы мемлекет азаматтардың әлеуметтік жағдайының әлсіреуіне жол бермейтінін жеткізді.
"Нұрлы жол" бағдарламасы кәсіби-техникалық білім арқылы жаңа мамандандық алуға, жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпорындар үшін жаңа мамандарды алу қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ халықтың әлсіз топтарын қолдау мақсатында жаңа бағдарламалар дайындалу керек", - деді мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіп өндірісінің дамуы мен жаңа салынған нысандардың қолданылу маңыздылығына баса назар аударды.
"Ешбір өнеркәсіп мемлекет қаржыландырады деп күтіп отырмау керек. Бұл болмайды. Ұлттық қордың қаржысы арқылы жаңа нысандардың құрылысын бастауға, нашар жұмыс істейтін өнеркәсіптерді қаржыландыруға тыйым саламын. Осы арқылы қандай өнеркәсіп орындары тиімді жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, тиімді менеджмент қалыптастыру үшін жекешелендіру ісін жүргіземіз", - деді Елбасы.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024