Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – «Нұрбанк» АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастады.
2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке халықтың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін доллармен алған ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырған болатын.
Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық Банк 2018 жылғы 27 наурызда Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын жаңа редакцияда бекітті. Соған сәйкес жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін доллармен алған ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылады.
Бүгін «Нұрбанк» АҚ осы бағдарлама аясында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен салым шартын жасағаны туралы белгілі болды. Бұған сәйкес 4 маусымнан бастап банк қарыз алушылардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға өтініштер қабылдай бастаған.
Егер 2016 жылға дейін «Нұрбанк» АҚ-нан валютамен ипотекалық несие алсаңыз, банкке қайта қаржыландыру туралы өтініш бере аласыз.
Қарыз Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамымен (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландырылуы тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024