Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан 2019 жылы Еуразиялық экономикалық одақта ең төменгі зейнетақы мөлшері бойынша үшінші орында тұр.
Сонымен қатар, бұл төлемдердің мөлшері республикада 100 АҚШ долларынан аспайды. Алайда, Ресей мен Белорусте ең төменгі зейнетақы осы көрсеткіштен жоғары.
Егер Ресейде ең төменгі зейнетақы зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс болса, ал Қырғызстанда бұл көрсеткіш зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі есе төмен. Бұл ретте зейнетақының орташа мөлшері де Қазақстанның ең төменгі төлемдерінен аспайды.
Қазақстандағы ең төменгі базалық зейнетақы 16 037 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 36 108 теңгені құрайды. Ресейде зейнеткердің ең төменгі күнкөріс деңгейі 7 811 рубльден басталады. Көрші Қырғызстанда ең төменгі зейнетақы 1 880 сом, ал орташа зейнетақы 5 680 сом.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024