«Бәйтерек» холдингі мен Иранның Ұлттық даму қоры Тегеранда Қазақстан-Иран бизнес-форумы шеңберінде бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады.
«Біз Иранның Ұлттық даму қорымен бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін талқыладық. Осы кезеңде ақпаратпен және әлеуетті жобалармен алмасамыз деп уағдаластық. Иранның бірқатар жеке инвесторлары да қор құру мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп отыр», - деді «Бәйтерек» холдингі ұйымдастырған Қазақстан-Иран форумының қорытындылары бойынша журналистерге берген сұхбатында Қуандық Бишімбаев.«Сондай-ақ, біз Қазақстанның тау-кен рудасы саласына инвестициялармен байланысты мәселелерді де қарастырдық. Ирандық компаниялар «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарын әріптес ретінде көргісі келетіндерін айтып, қызығушылық танытты. Иранға қазақстандық өндіріс локомотивтерін жеткізу мәселесі талқыланды. Холдингтің еншілес компаниясы – Қазақстанның Даму Банкі осы келіссөздерге қатысты. Ол экспорттық қаржыландыру бойынша қызмет көрсетуге дайын» - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев.
Оның айтуы бойынша, «Бәйтерек» холдингі Kaveh Float Glass компаниясымен кальцийлендірілген сода өндірісі саласында ынтымақтастық орнату туралы уағдаласты. Форум қорытындылары бойынша Иранға қазақстандық ет өнімін, металл илемдеу өнімін, құрылыс материалдарын жеткізу туралы алдын ала келісімдерге қол қойылды. «Ұлттық чемпион» – «Alageum Electric» компаниясы трансформаторлар экспорттайтын болды.
«Иран Қазақстанның химия және мұнай химиясы саласына инвестициялауға ниетті. Ол Африка, Пәкістан және Үндістан нарықтарына Қазақстаннан, Орта Азия елдерінен, Қытайдан тауар жеткізу бойынша логистикалық база болуға мүдделі. Парсы шығанағының стратегиялық орналасуы бұл елге осындай мүмкіндік беріп отыр», - деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев ирандық компаниялар Қазақстанда жұмыс істей отырып, Ресей, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына өнім жеткізе алады деп атап айтты. «Ирандық әріптестеріміз Қазақстанды кез келген жағдайларда жобаларыңызға қолдауды қамтамасыз ете алатын сенімді хаб ретінде қарастырғанын қалаймыз», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.
Өз кезегінде ИИР өнеркәсіп, сауда және кеніштер министрі Мұхаммед Реза Нематзаде Ираннан санкцияларды алып тастау ынтымақтастық үшін жаңа талаптар ашатынын мәлімдеді. «Сіздер бағыттар мен коммуникацияларды қамтамасыз ету үшін оңтүстік порттарымызға инвестиция сала аласыздар. Кейбір ТМД елдері жеке порт шаруашылықтарын салу туралы өз ниеттерін білдіріп те үлгерді» - деді ол.
«Қазақстан мен Иранның басшылары екі елдің іскерлік орталарының ынтымақтастығын қолдайды. Транзит бойынша жақсы жағдайлар жасалды. Айталық, Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолы салынды. Біз осы тасымалдау әлеуетін түрлі жүктердің, атап айтқанда ауыл шаруашылық жүктерінің экспорты мен импорты үшін пайдалана аламыз. Мен Қазақстанның инвестициялар және даму министріне бизнесмендердің көшуіне жеңілдетілген талаптар құрғаны үшін алғыс білдіргім келеді. Тарифтерге келетін болсақ, олар сауданың өсімі үшін үлкен кедергі болып табылады, оларды қайта қарау қажет», - деді Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери.
Қазақстан-Иран бизнес-форумына 200-ден астам қазақстандық компания қатысты, олардың 46-ы – «Бәйтерек» холдингінің әріптестері, 4-еуі – «Ұлттық чемпиондар». Сондай-ақ, Иранға Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы келді. Иран тарапынан форумға 700-ден аса компания қатысты.
Фото: baiterek.gov.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024