Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Вячеслав Ким

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Вячеслав Ким
Вячеслав Ким - қазақстандық бизнесмен, меценат, «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және Қазақстан таэквондо федерациясының президенті. 1969 жылы 12 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі: 

1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2002 жылы Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1996-1999 жылдары - «ALTAIR» АҚ-ның қаржы және сауда жөніндегі директоры; 1999 жылы тамыз айынан желтоқсан айына дейін - «Азия Техникс» ЖШС қаржы және коммерция жөніндегі директоры; 1999-2002 жылдары - «Asia Technics Group» ("ATG") ЖШС басқарма төрағасы; 2002-2003 жылдары - «Каспий банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 2003-2004 жылдары - «ATG» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2004-2005 жылдары - «ATG» АҚ электрондық холдингтік компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы; 2005-2006 жылдары - «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның экономика жөніндегі басқарушы директоры; 2005-2006 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесшісі;. 2007 жылы - «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2018 жылдан бастап «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

Басқа да қызметтері:

  • Республикалық физика-математика мектебінің кеңес мүшесі;
  • 2013 жылдан бастап - Қазақстан таэквондо федерациясының президенті болып тағайындалды.
  • 2013 жылдан бастап - «Аналар үйі" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі саналады.

Активтері:

«Kaspi Bank» АҚ-ның 41,19% үлесін, «Magnum Cash & Carry» ЖШС-нің 35%, «Колеса» ЖШС-нің акцияларын Қайрат Сатыбалдымен (№7 рейтингі) және Михаил Ломтадземен бірге және «Алсеко» АҚ 90% және  «Интерфинанс» ЖШС-нің 100% үлесін иеленеді. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Kaspi Group» АҚ бас директоры, «Magnum Cash & Carry» ЖШС Басқармасының мүшесі, «Aллюр» АҚ компаниясының тәуелсіз директоры. Сондай-ақ, таеквондо федерациясының президенті, жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының негізін қалаушы.

Дереккөз: forbes.kzonline.zakon.kz

Похожие материалы