Білімі:
1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2002 жылы Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолы:
1996-1999 жылдары - «ALTAIR» АҚ-ның қаржы және сауда жөніндегі директоры; 1999 жылы тамыз айынан желтоқсан айына дейін - «Азия Техникс» ЖШС қаржы және коммерция жөніндегі директоры; 1999-2002 жылдары - «Asia Technics Group» ("ATG") ЖШС басқарма төрағасы; 2002-2003 жылдары - «Каспий банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі; 2003-2004 жылдары - «ATG» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2004-2005 жылдары - «ATG» АҚ электрондық холдингтік компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы; 2005-2006 жылдары - «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның экономика жөніндегі басқарушы директоры; 2005-2006 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесшісі;. 2007 жылы - «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2018 жылдан бастап «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.Басқа да қызметтері:
- Республикалық физика-математика мектебінің кеңес мүшесі;
- 2013 жылдан бастап - Қазақстан таэквондо федерациясының президенті болып тағайындалды.
- 2013 жылдан бастап - «Аналар үйі" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі саналады.
Активтері:
«Kaspi Bank» АҚ-ның 41,19% үлесін, «Magnum Cash & Carry» ЖШС-нің 35%, «Колеса» ЖШС-нің акцияларын Қайрат Сатыбалдымен (№7 рейтингі) және Михаил Ломтадземен бірге және «Алсеко» АҚ 90% және «Интерфинанс» ЖШС-нің 100% үлесін иеленеді. «Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Kaspi Group» АҚ бас директоры, «Magnum Cash & Carry» ЖШС Басқармасының мүшесі, «Aллюр» АҚ компаниясының тәуелсіз директоры. Сондай-ақ, таеквондо федерациясының президенті, жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының негізін қалаушы.Дереккөз: forbes.kz, online.zakon.kz