Қытай нарығындағы құнды қағаздарды реттеуші комиссиясының төрағасы Сяо Ган жақын арада қызметінен кетеді. Оның орнына Agricultural Bank of China Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Шиюй келеді, деп жазады The Wall Street Journal.
Қытай нарығындағы құнды қағаздарды реттеушінің ауысатыны туралы ресми хабарлама жақын күндері болады деп күтілуде.
Бұрын хабарланғандай, қаңтар айының ортасында 57 жастағы Сяо Ган қаржы нарығындағы шектен тыс құбылмалыққа байланысты өз еркімен қызметтен кетуді ұсынған. Дегемен басшының қызметтегі өкілеттігі тек 2018 жылы аяқталады. Сяо Ган бұл қызметке 2013 жылдың наурыз айында тағайындалған.
Айта кетейік, қаңтар айында Қытай құбылмалыққа байланысты нарықтағы акциялар саудасын тоқтату жүйесін енгізді. Сарапшылардың айтуынша, бұл шара нарықты тұрақтандыру үшін жасалғанмен, жағдайды нашарлатуда.