Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қызылорда облысында 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үйдің айтарлықтай үлесі халықтың өз қаражаты есебінен де жүргізілуде. Былтыр 614 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынған. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы халықты тұрғын үймен қамту 34,6%-ға артқан. 2018 жылы 4,5 мыңнан артық жер теліміне инженерлік коммуникация тартылды, ал соңғы 4 жылда бұл көрсеткіш 28,5 мың учаскеден асты. 2019 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін тағы 3384 жер теліміне инженерлік коммуникациялар жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2018 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша 70 тұрғын үйдің (1790 пәтер), өткен жылы пайдалануға берілген 56 тұрғын үй (1 222 пәтер) оның ішінде Арал қаласындағы апатты үйлердің тұрғындарына берілген 27 тұрғын үй мен жеке инвесторлар есебінен салынған 22 үй және сатып алу құқығынсыз 7 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.