ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин республикада бензин бағасының тағы бір төмендеуін жоққа шығармайды. Бұл жайлы ол сәрсенбі күні өткен брифинг барысында айта кетті.
"Соңғы екі ай ішінде біз бензин бағасын үш мәрте төмендеттік, бұған мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Бензин бағасы Үкімет бекіткен ережелерге сәйкес белгіленеді", - деп мәлімдеді Ұ.Қарабалин.
Оның сөзіне сүйенсек, егер мұнай бағасы арзандайтын болса, бензин бағасы да төмендетіледі.
"Бірақ мұнай бағасы жоғарылайтын болса, бензин бағасы да көтеріледі", - деді вице-министр.
Ақпарат көзі: zakon.kz