Бүкіл әлемде адамдар өзгерістерді талап етуде. Соңғы сайлау қорытындылары - ең алдымен, Біріккен Корольдікте Brexit-ке дауыс беруі және Америка Құрама Штаттарындағы президенттік сайлау - өскелең экономикалық белгісіздікті анықтады. Бүгінгі жағдайда, көшбасшылар инклюзивті экономикалық өсуге бағытталған нақты жоспарларды анықтап, оны іске асыруы өте маңызды және де олар пікірталастар ортасында орын алған салық және сауда саясаттарын ғана емес, цифрландыруға да назар бөлулері керек.
Алдағы онжылдықта әлеуетті экономикалық құны 19 трлн доллар болатын цифрландырудың елге ЖІӨ өсімін, жұмыс орындарын және инновацияларды жасауға мүмкіндік беретін күші бар. Біз қазірдің өзінде цифрландыруды өздерінің экономикалық стратегияларының негізгі драйвері ретінде ұстанған елдерде оның терең әсерін көріп жатырмыз.
Үндістанда, мысалы, премьер-министр Нарендра Моди елін технологиялардың қозғаушы күшіне айналдыратын стратегиясын іске асырып, сандық болашаққа дайындық жасауда. Францияда, үкімет алдағы 3-5 жылда 1,1 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін және келесі онжылдықта ЖІӨ-ге 101 млрд доллар қосатын кең ұлттық сандық жоспарға қаржы салды.
Басқа елдер мықты сандық стратегияларды қолдап жатқанда, АҚШ артта келеді. 1990-шы жылдары интернет сайысында алда келген АҚШ бүгінде нақты цифрландыру жоспары жоқ жалғыз ірі дамыған экономика болып тұр. Мұндай жағдайдың салдары қазірдің өзінде байқалып жатыр: 2016 Bloomberg Innovation Index-ке сәйкес, АҚШ 2015 жылдан бері екі саты төмен түсіп, қазір әлемдегі ең инновациялық дамыған елдер қатарында сегізінші орында тұр.
Ең маңызды ой - цифрландыруға келгенде, ешкім ештеңеге құқылы емес және босқа құртатын уақыт жоқ. Тіпті Кремний алқабында, біз бәсекеге қабілетті болуымыз үшін үнемі өзімізді дамытып тұруымыз керек. АҚШ экономикасы да дәл осылай жасауы тиіс, әйтпесе ол өзінің инновациялық артықшылығын жоғалтып алуы мүмкін. Тек нақты және тиімді цифрландыру жоспары арқасында АҚШ сандық технологиялар заманында жаһандық экономикалық көшбасшы ретінде өз мәртебесін сақтай отырып, көбірек экономикалық мүмкіндіктерді талап еткен өз азаматтарының сұраныстарын орындай алады.
Мен байланыстың экономикаларды түрлендіріп және жаңа мүмкіндіктерді генерациялау күші бар деп есептеймін. Сондықтан Американың жаңа сандық күн тәртібі біздің әлемдегі бай елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, АҚШ тұрғындарының үштен бірінің үйлерінде кең жолақты байланыс желі жоқтығын ескеруі керек.
Чикаго және Вашингтонда байланыс желілерін қосуға жәрдемдескен Smart City бастамаларының қуантарлық екені рас. Бірақ, сандық теңсіздікті шешу үшін көп кешенді ұлттық сандық технологиялар стратегиясы қажет және ол жай ғана физикалық инфрақұрылымдық инвестицияларына ғана емес, сандық инфрақұрылымдық инвестицияларға негізделуі керек. Тек кең қол жеткізу арқасында технология үлкен экономикалық эквалайзерлерінің бірі ретінде өз рөлін атқаруды жалғастыра алады.
АҚШ цифрландыру жоспарын, сондай-ақ стартаптарды қолдауы керек. Жас компаниялар жұмыс орындарын құрудың болашақ бейнесі - олар технологиялық іркілістер мен АҚШ-тағы жаңа жұмыс орындарының негізгі көзі. Дегенмен стартаптар АҚШ-та азаюда. Brookings Institution зерттеулеріне сәйкес, старт-ап үлесі (жаңа компаниялар санының барлық фирмалардың ішіндегі пайыздық үлесі) 1978 жылдан бері жартылай дерлік төмендеген.
Инновациялар мен жаңа жұмыс орындарын құруды арттыру үшін біз АҚШ экономикасының старт-ап қозғалтқышына көбірек отын салып, бұл үрдісті қайта бұруымыз керек.
Кәсіпкерлерді өз идеяларын жүзеге асыру үшін қолдау беретін ортаны құру бизнес және мемлекеттің бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді. Бастама кезеңіндегі компаниялар үшін салық жеңілдіктері, жұмыс бастау үшін корпоративтік / венчурлық инвестициялармен қаржылық қолдау көрсету және тәлімгерлік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету осы экожүйені қалыптастырып, сақтау үшін аса маңызды болмақ.
Кеңінен алғанда, АҚШ-тың басшылары барлық бизнес түрлерінің өсуі мен инвестицияларды қолдайтын ортаны жасауы керек. Трамптың 2017 жылы АҚШ-тың салық ережелерін жаңарту ұсынысы бұл тұрғыда пайдалы болмақ, әрине егер жаңа ережелер компанияларды шетелде тапқан табыстарын қайта әкелуге ынталандырып және ЭЫДҰ елдерінің арасында ең жоғары корпоративтік салық ставкасын төмендету арқылы отандық инвестицияларды дамытуды қолдаса. Бұл қадамдар жаңа жұмыс орындарын құрып және экономикалық мүмкіндіктерді жасап, АҚШ-тың экономикасына 1 трлн доллардан астам табыс әкелуі мүмкін.
Тиімді цифрландыру жоспарының тағы бір маңызды элементі білім беру және оқыту болып табылады. Бизнес өкілдері сандық технологиялар дәуірінде бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті машықтары жетіспейтін жұмысшыларына қаржы бөлулері қажет. Сонымен қатар, біз, өскелең ұрпақ болашақта сандық технологиялармен байланысты жоғары табысты жұмыс орындарына кіруі үшін қажетті қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп білім беру жүйемізді де өзгертуіміз керек. Осы мақсатта біз STEM пәндері деп аталатын ғылым, технология, инженерия, математика тәрізді пәндерден назарымызды енді технология және цифрландыруды барлық өрістерде қолдану жолдарына бұруымыз дұрыс болар.
Цифрландыру айтарлықтай жұмыссыздықты төмендетіп, 2025 жылға дейін АҚШ үшін экономикалық құны 5,1 трлн доллардай табысты бере алар еді. Бірақ АҚШ және оның басшылары сандық күн тәртібін алға жүргізу үшін тиімді саясаттар арқылы барлық өндіріс салалармен бірге жұмыс жасамаса, бұл жоспарды іске асыра алмайды.
Технология орасан зор жылдамдықпен бәрін өзгертіп жатыр. Бизнесті жүргізу жолдарымызды, капитализмнің ережелері, сондай-ақ бүкіл экономикалық экожүйелерді де. АҚШ, өзінің инновациялық артықшылығын қайтарып және сандық технологиялар дәуірінде өркендеуі үшін бар қажетті іс-қимыл жасап, технологиялармен бірге өзгеруі тиіс.
Джон Чемберс Cisco компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024