Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа онлайн-сервисі – Баспана.кz жылжымайтын мүлік порталы таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, бірыңғай мәліметтер базасындағы платформада клиенттер, құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдардың басын қосады.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзінше, портал салымшыға мемлекеттік бағдарлама бойынша сатып алуды жоспарлаған пәтерін «брондауға» мүмкіндік береді.
"Біз салымшының мемлекеттік бағдарламаға қатысу барысына талдау жасап, оны барынша оңтайландыруға және автоматтандыруға тырыстық. Порталда салымшылар өздері ұнатқан құрылыс нысанын таңдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады, тұрғын үйді бөлу рәсімінен өтіп, ұнатқан пәтерін таңдайды. Баспананы сату процесі бастан-аяқ ашық әрі әділ өтеді. Яғни сіз қажет соманы жинап жүрсіз, бірақ, осыған қарамастан, дәл осы сәтте мемлекеттік бағдарлама аясында алғыңыз келген нақты бір пәтерді алдын-ала «брондап» қоя аласыз", - деп түсіндірді ол.
Бүгінгі таңда банктің 240 мыңға тарта клиенті «ТҮҚЖБ24» интернет-банкингін пайдаланады. Сонымен қатар интернет-банкинг қолданушылары автоматты түрде Баспана.kz қолданушысы атанады. Порталға кіру кезінде интернет-банкингтің тіркелу мәліметі пайдаланылады.
Жаңа жылжымайтын мүлік порталы сондай-ақ жеке құрылысшыларға үйлерін банк салымшылары арасында сату үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қашықтықтан өтінім беруге мүмкіндік жасайды.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024