Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Солтүстікте көкеніс қымбаттап кетті

Солтүстікте көкеніс қымбаттап кетті

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында СҚО-да инфляция 1,9% құрады. Статистика департаментінің мәліментінше, азық-түлік өнімдері – 4,1%, азық-түлік емес өнімдердің бағасы – 1,1% көтерілді, - деп хабарлайды kazakh-zerno.

Жыл басынан бері жаңа піскен көкөністерге баға 19,2% қымбаттаған: тәтті бұрыш – 19,3%, пияз – 16,8%, сарымсақ – 13,3%, қызанақ – 7,8%. Ақбас қырыққабаттың бағасы 2 есеге көтерілген. Ал, картоптың бағасы керісінше – 7% арзандады.

Жаңа жиналған жеміс-жидек 5% қымбаттады, оның ішінде: банан – 18,5%, алмұрт – 6,4%, апельсин бағасы 5,5% көтерілген. Керісінше, алманың бағасы – 1,8%, лимонның бағасы – 1,2% арзандаған.

Ұн мен нан бағасы, тиісінше 16,6%, 9,2%, күріш – 4,6%, нан-тоқаш өнімдері – 2,9%, макарон өнімдері – 2,1% қымбаттады.

Ал сүт өнімдеріне келер болсақ, баға 4,1% өскен. Ішімдіктер – 3,4%, балық пен теңіз өнімдері – 3,1%, кондитерлік өнімдер – 2,9%, темекі – 2,7%, ет пен ет өнімдері – 2,4%, алкогольсіз сусындар – 2,1%, жұмыртқаның бағасы 1% қымбаттады. Қанттың бағасы – 0,3% арзандаған.

Похожие материалы