Стартап немесе стартап-компания ағылшын тілінде start-up — іске қосу, бастап кету дегенді білдіреді. Стартап- жуырда құрылып, дами бастаған немесе келешекті нарықтарды зерттеу кезеңіндегі компания. Көптеген интернет-компаниялар құрылған дот-ком көпіршігі (dot-com bubble) кезінде стартап термині кең тарала бастады. Жоғарғы технологиялар саласындағы жаңа жобаларды high-tech стартап деп жиі атайды. Бұл терминді барлық салаларға қолдануға болғанмен, IT және интернет-жобалар бағытында әйгілі болды. IT саласында жаңа пайда болып келе жатқан немесе құрылуы жоспарланған компанияларды стартап деп атайды.