Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел Анкарада 91 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 7kun.kz бауырлас ел азаматының Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты жақсарту жолындағы жасаған ісіне шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.
Сүлеймен Демирел (01.11.1924 - 17.06.2015) Түркияның Испарта провинциясы, Исламкой кентінде дүниеге келген. Түркияның мемлекет қайраткері, елдің тоғызыншы президенті. Ол түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 7 жыл ұстаған.Сүлеймен Демирел қазаққа қалай көмектесті?
Қазақстан мен Түркия арасында өте тығыз достық қарым-қатынас бар. Оған дәлел: Қазақстан тәуелсіздігін енді алған тұста Сүлеймен Демирел бастама көтеріп, Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде несие алып береді. Аталған қаржы өзінде болмағандықтан, Түркия өзгеден қарыз алады. Егер Қазақстан мерзімінде төлей алмаса, өзіміз өтейміз деген уәде береді. Бұл қадам Қазақстанның нарықтық экономикаға көшудегі алғышарттарының бірі болды. Несие уақытында төленді. Осылайша Қазақстан француздардың, жапондардың, американдықтардың сеніміне кіреді. Елімізге шетелден инвестициялар тартылуына жол ашылады.Кездесу: келісімдер мен хаттамалар
Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркияның Премьер-Министрі Сүлеймен Демирель Бірлескен мазмұндамаға қол қойды. Ал, Үкiмет басшылары Өзара жәрдемдесу және инвестицияларды қорғау туралы келiсiмге қол қойды. Екі жақтағы министрліктер мен мекемелердің жетекшілері төмендегі мәселелерді талқылап, келісімдер мен хаттамаларға қол қояды:- автомобиль көлiгi;
- авиация қатынасы;
- мәдениет, радио және теледидар;
- кадр даярлау;
- орташа және шағын кәсiпорындар;
- банктiк және несие салаларын дамыту;
- Қазақстанның батыс өңіріндегі мұнайды өңдеудегi түрiк фирмаларының жәрдемдесуi;
- Ақтөбедегі газ электр станциялары ғимараттары;
- Маңғыстаудағы мұнай өңдейтiн зауыттың құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары;
- Ақтау портын қалпына келтiру;
- Каспий теңізі арқылы Қара және Балтық теңіздеріне Қазақстанның жүктерін тасымалдау.
Достастық
1992 жылдың қазан айында үкімет басшысы түрік инженерлерінің үздік технологиямен жабдықталған кемесіне "Алматы" атауын бергендігін хабарлап, Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалады. Осыдан соң мемлекет басшысы сол кезде салынып жатқан ірі қонақ үйге "Анкара" атауын беру туралы шешім қабылдайды. 1997 жылы ашылған ол қонақ үй "Интерконтиненталь Алматы-Анкара" деген атау алады.Білім беру
Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылғы кездесу барысында екі елге бір университеттің аздық ететіндігін, ортақ академия құру керектігін айтады. Елбасының бұл ойын Сүлеймен Демирел де қостайды. Енді ол академия қайда болады деген сұраққа Назарбаев: «Халықтың салмағына қарасақ, сізде болуы керек, ал тарихтың салмағына қарасақ, бізде болуы керек. Басқаны айтпағанның өзінде, бүкіл түріктің рухани аталары Қорқыт пен Ясауи мазары қазақ жерінде ғой», деді. Сүлеймен Демирельдің бұл уәжге: «Мұны түркітектес мемлекеттердің қайсысы болса да мойындайды» деп жауап қайтарады. Түркі академиясының халқының саны 70 миллионға жуықтайтын, бір кезде Осман империясының тұсында талай елді тітіретіп тұрған империя құрған Түркияда емес, тәуелсіздігін күні кеше ғана алған, өз еліндегі қазағының саны тоғыз миллионнан зорға асатын Қазақстанда құрылуы негізінен осылай шешілген болатын.Ыстамбұл саммиті
ХХ ғасырдың соңындағы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының соңғы бас қосуы Сүлеймен Демирелдің бастамасымен Ыстамбұлда өтіп, әлемдік тарихқа “Ыстамбұл саммиті” деп енді. Сүлеймен Демирел туыстас түркі халықтарының ынтымағы мен іс-қимыл бірлігін жетілдіріп, экономикалық, мәдени байланыстарын нығайтуға зор үлес қосты.Студенттерді ЖОО-на қабылдау
Бұрынғы Кеңестік түркітілдес республикалар тәуелсіздіктерін алғаннан кейін алғашқы ресми сапарға Түркия премьер-министрі Сүлеймен Демирел бір неше айдан кейін шығады. Өзбекстаннан сапарын бастайтын ол Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Әзірбайжанға барды. Әр елге 24 сағат уақыт бөлінеді. Сапарға нақты ұсыныстармен дайындалған бас министр түріктілдес республикалардан жыл сайын 10 мың студентті түрік жоғары оқу орындарына қабылдау шешімін шығарады.Қазақ-түрік университеті
1992 жылы 29 сәуір – 1 мамыр аралығында Сүлеймен Демирел ресми сапармен Қазақстанда болып, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетіне халықаралық қазақ-түрік универсететі мәртебесін беру туралы бірлескен мазмұндамаға қол қойды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге университет қалашығының алғашқы іргетасын қалауға қатысты.Сүлеймен Демирел университеті
Университет бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Н.Назарбаев және С. Демирелдің қатысуымен 1996 жылы 17 желтоқсан күні ашылған. Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны және жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дәрістері негізінен ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапхана бар. Университеттің ескі корпусы Торайғыров көшесінде болған еді. Ол ғимаратта қазір С. Демирел атындағы колледж орналасқан. Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024