Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талдықорған құрылыс басқармасының 4 млн теңгеден аса қарызы бар

Талдықорған құрылыс басқармасының 4 млн теңгеден аса қарызы бар

Талдықорған. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Талдықорған қаласының құрылыс басқармасы «Арлан-жоба құрылыс» ЖШС-на 4 млн теңгеден астам қарыз болып қалған. Бұл туралы Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерлің құқығын қорғау және әкімшілік кедергіні азайту бөлімінің сарапшысы Диас Оташбаев сотта атлған компанияның құқығын қорғап, апелляциалық сотта жеңіп шыққан. Компания сотқа Талдықорғанның құрылыс басқармасынан 4 миллион теңге өндіріп беруді сұрап шағым түсіреді, өйткені мемлекеттік орган жасалған жұмыстың ақысын толық төлемепті. 2014 жылдың желтоқсан айында шағым түсіруші мен жауап беруші тарап арасында екі нысанның жобалау-зерттеу жұмыстарына түзету енгізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы екі келісімшарт жасалған. Бірінші сатыдағы сотта жауап беруші тараптың өкілі шағымды мойындамай, келісімшартқа сай төленбеген ақының бір бөлігі мәслихат ақша бөлген соң төленеді деген. Келісімшарт бойынша қаржы екі кезеңге бөлініп төленуі керек болған, бірінші бөлігі келісімшарт жасасқан соң сол жылы төленген, екінші бөлігі келісімшартта көрсетілгендей жергілікті аумақтық өкілетті орган бөлген соң төленуі тиіс еді. Сотта серіктестік өкілінің жұмыстың біткені туралы құжат мемлекеттік орган мен шағымданушы тараптың мөрлері қойылмай тапсырылғаны туралы дәйектері қабылданбады. Осы себеп компания шағымын кері қайтаруға түрткі болды.

Похожие материалы