2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Қысқы Универсиада ойындарын Алматыда өткізу туралы ресми шешім қабылданды. Осыдан кейін мегаполис спорттық ойындарды өткізу үшін қызу дайындыққа кірісті. Аброймен өткізді де! Ал мұндай спорт ойындарын өткізу Алматыға қалай әсер етті, қаланың инфрақұрылымын дамыта алды ма?
Универсиаданы өткізу барысында Алатау және Медеу аудандарында инфрақұрылымдық маңызы бар спорт нысандары салынды. "Халық" және "Алматы" ареналары, атлетикалық ауыл пайдалануға берілді, жаңа автожолдар салынып, жөндеуден өткізілді. Осы арқылы 1550-ге жуық орта және шағын бизнес субьектісі тапсырыс алды, сондай-ақ, құрылыс саласы және басқа салалар бойынша 30 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Салықтан 9,2 млрд теңгеге жуық түсім болды. Жалпы Универсиада дайындығына 220 жуық компания және олардың 5 мың қызметкері қатысты, 80%-ы алматылықтар. Универсиада үшін салынған 13,8 млрд теңгенің 1,7 млрд теңгесі қосымша құн салығы есебінде бюджетке қайтарылады.
Басқа да қосымша табыс 28-ші қысқы Универсиада ойындарын көруге келген туристер арқылы келді. Global Destination Cities index-тің бағалауы бойынша, Алматыда шетелдік турист күніне 245 доллар жұмсайды. Осылайша мегаполиске келген 5 мың шетелдік қонақтар 5 күнде шағын және орта бизнеске 2 млрд теңгеге жуық табыс әкелді.
Сондай-ақ, арнайы Универсиада үшін транкингтік байланысы бар 40 жедел жәрдем, 3 жаңа ратрак, 12 арнайы қарда жүруге арналған көлік сатып алынды және тікұшақ алаңдары салынды. Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне газбен жүретін 118 отандық көлік сатып алынды. 66 мың бақылау камерасы орнатылды, қаланың коммуналдық қызмет автопаркі экскаваторлармен, автокрандармен және басқа да техникалық көліктемен толықты, олардың көпшілігі Қазақстанда жасалған және табиғи газбен жүреді.
Сондай-ақ, Универсиада үшін салынған Атлетика ауылындағы 1748 пәтерді «Қазақстанның ипотекалық компаниясы » АҚ арқылы сату туралы шешім қабылданған. Бұл "Аймақтарды дамыту-2020" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Пәтерлер «1 шаршы метрді 1120 теңгемен 20 жылда сату құқығы бойынша жалға алу» шартымен беріледі. Бағдарламаға көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырғандар, оралмандар, 1-2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік және әскери қызметкерлер, мемлекеттік органдардың және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Осылайша Алматы қаласында үй алу үшін кезекте тұрғандардың саны 10%-ға қысқрады.
Универсиада ойындары аяқталғаннан кейін Атлетикалық ауылда олимпиадаға дайындық орталығы, бюджеттік супермаркеттер желісі орналасады. Бұдан бөлек, аталған орында 43 орындық студенттер қонақ үйі, 1,5 мың адамға арналған Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта орталығы, 700-ге жуық адамды қабылдайтын емхана ашылады.
Қазіргі таңда Алатау ауданында "Алатау" дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы ашылды. 30 шақырым жол салынып, 70 шақырым жол қайта жөнделді. 200 шақырым магистральды газ желісі жүргізіліп, 34 шақырым су құбыры тартылды. 5 емхана, 9 мектеп, 11 мемлекеттік балабақша салынды. Нәтижесінде Алатау ауданы Алматының тартымды орталығына айналды.
Дереккөз: forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024