«Валериан және мың ғаламшар шаһары» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті
9 тамызда Алматыда атақты француз режиссеры Люк Бессонның «Валериан және мың ғаламшар шаһары» фантастикалық боевигінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл қазақ тіліне дубляждалған 22-фильм және 2017 жылы дубляж жасалған 5-фильм болды. Әрі дубляж жасау жобасының 6 жыл тарихында Қазақстанда толығымен дубляж бен дыбыстың жинақталуы жасалған 2-фильм. Қазақстандық кинопрокатқа фильм қазақ және орыс тілдерінде 10 тамызда шығады.
Алғашқы жабық көрсетілім 28 шілдеде Астана қаласында XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің жабылу салтанатында өтті. «Евразия» - картина қатысқан бірінші кинофестиваль емес, 2016 жылы Люк Бессон фильмнің үзінділерін Сан-Диегодағы Comic-Con халықаралық фестивалінде көрсетті. Көрермендер оны ду қол шапалақпен қарсы алған.
«Валериан» фильмі бюджеті жағынан тарихтағы ең қымбат еуропалық фильм болды. Оның бюджеті - 180 млн доллар.
Фильм «Валериан және Лорелин» француз комикстеріне негізделген. Люк Бессон «Валериан және Лорелин» комикстері бойынша фильм түсіруді арман еткен. 20 жыл бұрын ол үзілді-кесілді мұндай фильм түсіруді қолға алмақшы болған, бірақ сол кездегі техника оның ойындағысын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Ол фильмнің алғашқы сценарийін «Аватар» фильмін көргеннен кейін лақтырып жіберді.
«Мен Олимп ойындарына қатысуға дайын емеспін... Дайын болмасаң, 180 млн доллар бюджетті сұрауға болмайды», - деді режиссер сұхбаттарының біреуінде.
Режиссёр барынша үлкен аудитория жинау үшін фильмді әдейі ағылшын тілінде, ағылшынша сөйлейтін актерлермен түсірді. Валериан туралы комикстерден алынған идеялар Бессонның фантастикалық боевигі «Бесінші элемент» пен «Жұлдызды соғыстар» фильмдерінің негізіне алынды.
Қазақ дубляжының режиссеры мен мәтін қалаушысы Айжан Жәмшітова болды.«Ең көп уақытты дубляж процесінен гөрі, мәтінді аудару және оның мағынасын жеткізу алды. Көп материалдармен жұмыс істеуге тура келді, өйткені фильм түсірілген комикстер алғашқы рет 20 ғасырдың ортасында шықты және сол кездерден кейіпкерлердің шытырман оқиғалары әлі жалғасуда. Дубляж жасау процесінің өзі өте қызықты, шығармашылық жағынан тартымды болды. Қиындықтарға келгенде, фильмде ер адамдардың дауыстары өте жоғары өзге ғаламшарлықтардың түрлері бар, негізінде оларды дауыстары төмен актрисалар дыбыстаған. Мұндай дауыстарды табу оңай болмады. Маған фильм өте ұнады – мұнда бәрі де бар: әсерлі арнайы эффекттер мен графика, керемет актерлік ойын және режиссерлік идея. Фильмнің соңы маған қатты әсер етті. Менің ойымша фильмде соңында айтылатын екі түйінді монолог бар. Әр монолог бір баспа бетте. Олар маған қатты әсер етті және мен үшін монологтардағы мағыналық акценттерді автор ойластырғандай беру өте маңызды болды. Режиссер керемет оқиғаны түсірді және біз оны қазақ тілінде ойнауға тырыстық», - деді режиссер.
Дэйн Де Хааном мен Карой Делевинь жас актерлерімен қоса, фильмде атақ пен мәртебеге ие болған голливуд жұлдыздары ойнайды, олардың арасында «Оскар» премиясына номинант Итан Хоук, «Алтын глобус» премиясының иегерлері Рутгер Хауер мен Клайв Оуэн. Фильмдегі рөлдердің біреуін соңғы жылдары өзін актерлық сахнада белсенді сынап жүрген атақты әнші Рианна ойнады.
Дубляжға барлығы 25 актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын келесі актерлер сыйлады: Олжас Жақыпбек (Майор Валериан), Назерке Серікболова (Сержант Лорелин), Сырым Қашқабаев (Генерал Окто-бар), Азамат Қанапия (Қолбасшы Арун Филит), Шах-Мұрат Ордабаев (Доган Дагус), Алтынай Ногербек (Бабл) және басқалары. Мәтінін аударған Нұрдаулет Затилла.
Жобаны ұйымдастырушы: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры
Дубляждың демеушісі: «Samal» озондалған табиғи ауыз суы» сауда маркасымен «GOODWAY LOGISTICS» ЖШС.
Cинопсис: 2700 жыл. Сюжет Валериан және Лорелин есімді арнайы ғарыш агенттері төңірегінде өрбиді. Қызмет бабымен олар күмәнді іске араласып, әлдекімдер ұйымдастырған үлкен қастандық әрекеттің қатысушысы атанып шыға келеді. MK
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024