Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Вьетнам кәсіпкерлері жеңіл өнеркәсіпке инвестиция салмақ

Вьетнам кәсіпкерлері жеңіл өнеркәсіпке инвестиция салмақ

Бірлескен кәсіпорындар Шығыс Қазақстан облысында құрылады. Инвесторлар өңірде тоқыма өндірісін жандандыруға ниетті.

Келісімді бекіту үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Бак Нинь провинциясының Халық комитеті арасында меморандумға қол қойылды. Құжат егіз қалалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бизнес серіктестікті арттыруды көздейді.

Өңір әлеуетімен танысып, келешек жобаларды кеңінен талқылау үшін вьетнамдық делегацияның Шығыс Қазақстан облысына сапары ұйымдастырылады. Инвестициялық жоба аймақтың экономикасына тың серпін береді. Айта кетерлігі, бүгінде Вьетнам – жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі. Тоқыма экспортының көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие. 

  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев: «Ол жерде жоғары технологиялы жақсы кәсіпорындар бар. Ойымызда бар. Бірақ әуелі жеңіл өнеркәсіпті, өздеріңіз білесіздер, маталары бар, олардың бизнесмендері, жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтін қызметкерлері өте тәжірибелі. Бізге келіп, шекаралы аймақта индустриалды аймақты ашса, сондай біріккен кәсіпорын құрса, дұрыс болады деп ойлаймын», – деді өз пікірінде. 

Ұқсас материалдар