Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Volkswagen круиз-контроль орнатылған бесік-арба жасап шығарды (видео)

Volkswagen круиз-контроль орнатылған бесік-арба жасап шығарды (видео)
2015-жылдың 20-сәуірінде Facebook әлеуметтік желісінде Volkswagen компаниясының кезекті жарнамалық ролигі жарияланады. Бейнежазбада балалар бесік-арбасын сататын дүкенде сатып алушының "Осы қазіргі бесік-арбаларға неге круиз-контроль, яғни, автоматты тежегіш жүйесі орнатылмайды?" деген шағымы айтылады. Бұл бейнежазбаны көрген Тимо Рос есімді Facebook қолданушысы "Шынымен де бұл керемет идея!" деген пікірін қалдырады. Тимо Ростың пікірін есепке алған Volkswagen қызметкерлері оны техникалық орталыққа шақырып, идеяның іске асырылуына кіріседі. Нәтижесінде, автоматты тежегіш жүйесі орнатылған балалар бесік-арбасының прототипін жасап шығарады. Артықшылығы - бесік-арба автоматты түрде тоқтап қана қоймай, қарама-қарсы немесе кездейсоқ кездескен нысанмен ара қашықтықты сақтау қабілетіне ие болады. Алайда компания бұл дүниенің прототип екенін ескертіп, жаппай шығару жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.  

Похожие материалы