Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың басынан бері ҚР екінші деңгейлі банк несиелері 12,6 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға көп. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Мемлекет салаларының ішіндегі ең көп қаржыландырылатын үш саланың ішінде өндірістік сектор ғана пайда тауып жатыр. Жыл сайынғы өсім 11,3 пайыз (1,8трлн теңгеге дейін). Тау шикізаттарын өндіру сегментінде несие көлемі кемісе (бір жылда -5 пайыз), қайта өңдеу сегменті бірден 16,3 пайызға артқан.
Несиенің басты тұтынушылары болып табылатын екі негізгі саланың да несие көлемі төмендеген. Көтерме сауда, ритейл, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу - жылдан жылға 6,3 пайызға (2,5 трлн теңге); құрылыс - 5,2 пайызға (960,4 млрд теңге) азайған.
Өндірістік емес сала өндірістік салаға қарағанда белсенді түрде қаржыландырылып жатыр (өсім бір жылда 4,1 пайыз).
Уландырғыш активтер несиелік қоржыннан белсендірек артып жатыр. Мамыр айының қорытындысы бойынша, уақыты өтіп кеткен қарыздың көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті - 2016 жылмен салыстырғанда бірден 19,7 пайызға жоғары. Бұл - несиелік қоржының 10 пайыз қауіпті бөлігі.
Уақыты өткен несиелердің ең көбі агроөндіріс кешеніне тиесілі. Ондағы өсім бірден 2,7 есе артып, 87,9 млрд теңгені құраған. Бұл 2016 жылғы жалпы 4,1 пайыз сала қоржынының 12,1 пайызын құрайды. Көлік-логистика саласының да жағдайы төмендеп барады. Уақыты өтіп кеткен қарыздар бір жылда 82,5 пайызға көбейді (40,5 млрд теңгеге) - бұл қоржынның 7 пайызын құрайды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024