Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде қанша ағаш бар?

Әлемде қанша ағаш бар?

Томас Кроутер бастаған Yale University ғалымдары 2015 жылы жер бетіндегі барлық ағаштарды санап шықты, деп жазады Nature-ге сілтеме жасаған demos.kz .

Ғалымдардың зерттеу қорытындысында жер бетінде 3,04 трлн ағаш өсіп тұр деген ұйғарымға келген. Дүние жүзіндегі адам басына шаққанда 408 ағаштан келеді. Бұл - 2009 жылғы көрсеткіштен 7,1 есеге көп. Ол кезде зерттеу спутник арқылы кескіндердің көмегімен жасалған. Діңінің диаметрі 10 см-ден үлкен жер бетіндегі барлық ағаштар зертеуге негіз болды. «Бұрын-соңды нақты көрсеткіштер болмағандықтан, бұл дерек көп болып көріну мүмкін», - дейді Томас Кроутер. Оның айтуынша, олар басқа ағаштарды таппаған. Ал, ормандар сол қалпында сақталған. Соңғы деректер бойынша, ең көп ағаштар Ресейде (642 млрд), Канадада  (318 млрд), Бразилияда (318 млрд), АҚШ-та (228 млрд) және Қытайда 140 млрд ағаш өсіп тұр. Жыл сайын  15 млрд ағаш адамдардың қолымен кесіледі, ал 5 млрд жаңадан өсіп шығады. Демек, жыл сайын ағаштар 10 млрд-қа азайып отырады. Мұндай өзгерістер әлемдік  ағаш қоры 2300 жылы таусылады дегенді білдіреді. Сондай-ақ, зерттеушілер тобы компьютер арқылы өркениет дамуына дейінгі ормандардың моделін жасады. Ол кезде 5,6 трлн ағаш болған екен. Демек, адамзат тіршілігінің нәтижесінде табиғат орманның 45,8%-н жоғалтқан. Әлемдегі барлық ағаштарды санап шығу үшін ғалымдар спутник арқылы кескіндер жасап, 429 775 орман шаруашылығының мәліметтері мен құжаттарын пайдаланған.

Похожие материалы