Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкі «Цеснабанк» АҚ-на «Банк ЦентрКредит» АҚ үлесін сатып алуға және банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
27 наурыздағы № 56 қаулыда Ұлттық Банк Басқармасы «Цеснабанк» акционерлік қоғамына «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген.
Сондай-ақ, осы күні «Цеснабанк» АҚ-на Банк ЦентрКредиттің жарғылық капиталына үлкен үлеспен қатысуға рұқсат берген.
Еске сала кетсек, қаңтар айында кореялық Kookmin Bank-тің қазақстандық «Центркредит»(БЦК) банкіндегі өз үлесін сатуға ниетті екені хабарлаған еді.
Кейінірек наурыз айында «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің құрамы өзгерді. Банктің ірі акционері Бақытбек Байсейітов шетелдік INTERNATIONAL FINANCE CORPARATION тиесілі 10,0% қарапайым акцияларын сатып алды. Нәтижесінде оның банктегі үлесі 44,5% құрады.
Ал ақпан айының басында Цеснабанктің БанкЦентрКредитпен бірігу мүмкіндігін талқылап жатқаны белгілі болды. Бірігу Kookmin Bank үлесін сатып алған соң жүзеге аспақ. Жалпы акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылдың екінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024