Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады

61
Фото: AP Photo / STR

Бүгін Семей қалалық соты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының  экс-басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босату туралы шешім шығарды. Оның жазасын толық өтеуіне 3 жыл 2 ай қалған еді.  

Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынын айырылған. Оған «Пара алу», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және талан-таржыға салу» деген айып тағылған. 2012 жылы алаяқтық, қызмет бабын асыра пайдалану, бөтеннің мүлкін иелену, құжаттарды қолдан жасау айыбы қоса тағылды.

Жәкішев 2018,2019 жылдары мерзімінен бостау туралы өтініш бергенімен сот қамауда қалдыру туралы шешім қабылдаған еді. Үшінші рет берген өтінішін №2  Семей қалалық сотының төрағасы Жанат Абенова қарап, босату туралы шешім шығарған. Енді 15 күн ішінде прокуратура тарапынан аппелациялық шағым түспесе Жәкішев қамаудан босатылады.