Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Қазақстан полиэтилен пакеттерді пайдаланудан бас тарту үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт керек. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай мәлімдеді.
Нұрлыбайдың айтуынша, еліміз мұндай пакеттерді пайдаланудан бірте-бірте бас тартады.
«Біз біртіндеп, жүйелі түрде полиэтилен пакеттерді пайдаланудан бас тартуымыз керек. Бірақ, бұл уақытты қажет етеді. Сол үшін біз баламасын әзірлеуіміз қажет. Біз қазір әзірленіп жатқан жаңа Экология кодексінде осы мәселені қарастырамыз. Менің ойымша, полиэтилен пакеттерді пайдаланудан бас тарту үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт керек», - деді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024