Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы Қазақстанда жұмыс берушілердің қарызы 5,4 млрд теңгені құрады

2015 жылы Қазақстанда жұмыс берушілердің қарызы 5,4 млрд теңгені құрады

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 1216 кәсіпорынның 42,8 мың жұмысшылар алдында  жалақы бойынша 5,4 млрд теңгеден аса қарызы бар екенін анықтады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1151 ұйғарым беріліп, 108,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 4,9 млрд теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 11421 тексеру жүргізді. 19 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 429 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Фото: newstop.kz

Похожие материалы