2022 жылдың басынан бері БЖЗҚ инвестициялық кірісінің көлемі минус 154,1 млрд теңгені құрады
Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Қаңтар-мамыр айларында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық кірісінің көлемі минус 154,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов.
«Салымшыларға теріс инвестициялық кірістің жиналуының негізгі себебі қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты қаржы құралдарының көпшілігінің нарықтық құнының төмендеуі, сондай-ақ теңгенің 5 ай ішінде нығаюы болды», - деді Пірматов үкімет отырысында.
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есепті кезеңде 12,7 трлн теңгені, зейнетақы жарналарының көлемі 662,5 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері 106,8 млрд теңгені құрады.
«Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,1 пайызды құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы тұрғысынан ұзақ мерзімді жағдайда табыстылық пен инфляция көрсеткіштерін қарастырған жөн», - деді Ұлттық банк басшысы.
«БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруында. «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк Қазақстан Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады.