АДБ: Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің ЖІӨ-дегі үлесі екі есеге жуық азайды
2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстанның Ұлттық қорынан бөлінген трансферттерЖІӨ-нің 2,6%-ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,1% болған. Бұл туралы Азиядаму банкінің қыркүйектегі есебінде айтылған.
АДБ дерегінше, осы кезеңде салық түсімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі 17,5%-дан 17,7%-ға өсті. Номиналды мәнде қосылған құн салығынан түсетін кіріс 41,9%-ға, корпоративтік табыссалығынан түсетін кіріс 7,3%-ға артқан. Соған қарамастан бірінші жартыжылдықтамемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 1,6%-ынан 3,2%-ына дейін ұлғайды. Алмұнайдан тыс тапшылық 7,9%-дан 7,1%-ға төмендеді.
Банк үкімет бағалауына сүйене отырып, 2026 жылдың қорытындысында бюджеттапшылығы ЖІӨ-нің 3%-ын құрайды деп күтеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,7% болған. АДБ қосымша салық түсімдері Ұлттық қор трансферттерінің қысқаруын ішінара өтейдідеп есептейді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





