Елімізде алдағы жылдары әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа дейін көтеріледі.
Қазақстандағы зейнетақы жасына байланысты жиі-жиі қойылатын сауалдарға ресми орган жауап берді.
– 2025 жылы зейнет жасы ерлер үшін де, әйелдер үшін де өзгермейді. Ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 61 жаста шығады. 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы осы деңгейде сақталады, содан кейін зейнетақы реформасы аясында біртіндеп көтеріле бастайды, – деп хабарлайды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ.
Яғни, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас; 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 62,5 жас; 2031 жылдан бастап әйелдер үшін зейнет жасының ең жоғары деңгейі 63 жас болады.
Айта кетейік, 2025 жылы зейнетақы жасына байланысты мынадай жаңалық болады. Ол – 1962 жылы туған ер азаматтар мен 1964 жылғы әйелдердің зейнетке шығуы.