Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2026 жылы спорттың цифрлық платформасы іске қосылмақ

2026 жылы спорттың цифрлық платформасы іске қосылмақ

Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздегі спорт саласын цифрландыру жұмыстары бойынша ақпарат берді.

Өткен жылы пилоттық режимде «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» жүйесінің 3 модулі іске қосылған болатын. Спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілердің паспорты, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесі, спорт ғимараттарының тізілімі, – деді ол.

Министр жүйе тестілеуден өтіп жатқанын айтты. Қазір онда 85 федерация мен 50 ұйым жұмыс істейді.

Екінші кезеңде қосымша модульдер әзірленуде: жарыс хаттамаларын электронды жүргізу, статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және проактивті форматқа көшіру. Жүйені толық енгізу 2026 жылға жоспарланған, – деді ол.

Ұқсас материалдар