Астана. 22 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 2017 жылы 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында Италия Қазақстанға 6 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Италия Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің бірі. Италиялық компаниялар Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарында. Осы жылдар ішінде ел экономикасына тартылған италиялық инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының белсенді қызметі экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті барынша кеңейтуге ықпал етті.
Бұдан бөлек, Қазақстмен Италия 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы өзара іс-қимылында бір-біріне көмек көрсетті.
1992 жылы 21 тамызда Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.
Мейiрхан Амангелдиев
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024