2016 жылдың 1 қаңтарында БЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 5,8 трлн теңге болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"БЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылдың 1 қаңтарында 5,8 трлн теңге болды. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 г ж. – 6,3%) құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.
2015 жылы 6 млн-нан астам жұмыс істейтін қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды.
2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі 6 млн. 68,3 мың адам болғанын, олар 658,1 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын жасады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық.
БЖЗҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаңтарда 5,8 трлн. теңге болды, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 г ж. – 6,3%) құрады.