SMM-шіге көмек: әлеуметтік желімен жұмыс істеу құралдары
11 қазан, 2016
Назарларыңызға SMM-менеджерлерге арналған онлайн-ресурстар тізімін ұсынамыз. Олардың көмегімен тегін фотосуреттер тауып, жазбаңыздың статистикасын жүргізіп, мақала үшін ең сәтті тақырып таңдауға болады.
Суреттерді өңдеу
Gratisography — суреттер топтамасын ұсынатын сервис. Сайт күнделікті өңделіп отырады және категория бойынша ыңғайлы іздеу жүйесі бар.
Flaticon — 190-нан астам тегін векторлы иконкалар. Фильтрлердің кеңейтілген баптаулары бар. Иконканы жүктеп алмас бұрын оның пішінін, түсін және көлемін өзгертуге болады.
Splitshire — жоғары сападағы және авторлық құқықсыз пайдалануға болатын суреттер топтамасы. Жеке және коммерциялық мақсат үшін де рұқсат етіледі.
New Old Stock Photos — қоғамдық архивтерден алынған винтажды фотолар алаңы. Сізге ұнаған суретті тегін ала аласыз.
Life of Pix — жоғары сападағы тегін суреттер ұсынатын тағы бір платформа. Сайт бойынша іздеу жүйесі де жұмыс істейді. Негізі тақырыптар - табиғат және өмір сүру стилі.
Picjumbo — тегін фотолар. Кез-келген мақсат үшін кез-келген фотоны тегін жүктеп ала аласыз. Ал эксклюзивті фотолар алу ақылы жазылу арқылы орындалады.
Comp Fight — суреттерді тез табуға болатын сервис. Кілт сөз арқылы бірден бірнеше фото қарай аласыз.
Freepik — фотолар мен иконкалар және PSD-шаблондардың топтамасы. Стандартты іздеу және категория бойынша бөліну де бар.
Pixabay — фото іздеуге арналған ресурс. Барлық суреттер бір ортақ алаңда жиналған. Қосымша видеолар да табуға да болады.
Мәліметтерді бейнелеу
Fotor — коллаж құрастыруға арналған сервис. Ең ыңғайлы ресурстардың бірі, шаблондардың түр-түрі бар. Экслюзивті фильтр мен эффектілерді пайдалана отырып, өз тақырыбыңызға сай уникал шаблон жасай аласыз.
Monosnap — скриншот пен скринкаст жасауға арналған ыңғайлы бағдарлама. Қосымша тегін жұмыс істейді, бірақ алдымен оны компьютерге жүктеп алу қажет.
Hohli Builder — онлайн-режимде диаграмма құруға арналған бағдарлама. Диаграмманың түрін таңдап алып, мәліметтеріңізді енгізу қажет.
Infogr.am — интерактивті инфографика құруға арналған сервис. Диаграмма түрлері күрделірек. Тегін сынап көруге болады, бірақ барлық қызметін пайдалану үшін ақылы тарифтің біреуін таңдау қажет.
Easel.ly — инфографика құруға арналған ресурс. Сайт ұсынған шаблонға сіз өз элементтеріңізді де қоса аласыз. Суреттерді таңдауға арналған арнайы жүйе де бар.
Visage — онлайн-режимде график және диаграмма құруға арналған сервис. Фон мен түс таңдап, мәтін қосуға болады. Қарапайым графикалар мен диаграмм құруға арналған.
Piktochart — инфографика құруға арналған сайт. Тек жартылай ғана тегін пайдалануға болады. Толық мүмкіндігін қолдану үшін айына 29 доллар төлеу қажет.
Social Image Resizer Tool — әлеуметтік желіге сурет өңдеуге арналған ресурс. Суретті жүктеп, ары қарай өз қалауыңызға сай өңдей аласыз.
Идеялар іздестіру
Ruzzit — әлеуметтік желідегі танымал контентті іздеу жүйесі. Белгілі бір уақыт аралығындағы видео, мақала және суреттер табуға болады. Белгілі бір әлеуметтік желі бойынша іздеу жүйесі бар (Facebook, Google+, LinkedIn, Twitter, Pinterest, YouTube).
Alltop — блогтардағы танымал мақалалар топтамасы. Іздеу жүйесіне сіз іздеген тақырыпты жазу керек.
Buzzsumo — интернеттегі танымал материалдарды іздеу және сараптама жасау сервисі. Сервис сауал бойынша ең танымал материалды көрсетеді. Сынақтан өткізу тегін, бірақ толыққанды мүмкіндігін пайдалану үшін айына 99 доллар төлеу керек.
Hubspot Blog Topic Generator — мақала тақырыбын құрастыруға арналған ресурс. Сіз негізгі кілт сөздерді жазасыз, ал сервис бірнеше секунд ішінде 5 түрлі тақырып нұсқасын ұсынады.
Ескерту: Бұл топтамадағы сервистердің көпшілігі тек ағылшын тілінде жұмыс істейді.
Мониторинг және сараптама
Quintly — әлеуметтік желілермен жұмыстың тиімділігін бақылауға арналған құрал. Аудиторияны бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жерде өз парақшаңыздың және бәсекелесіңіздің жұмысын салыстыруға болады. Сервис Facebook, Google+, LinkedIn, Twitter, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерімен жұмыс істейді.
Hootsuite — әлеуметтік желілердегі мәліметтерді қадағалап отыратын ресурс. Тек сізге көрсеткіштерді ұсынып қана қоймай, бренд туралы қолданушылардың хабарламасын бақылап, есеп құрастырады. Тегін тарифі жұмыс істейді.
Popsters — компанияның және оның бәсекелестерінің парақшаларына сараптама жасайды. Тақырыптардың, хэштегтердің тиімділігін тексеріп, жарнамадан келетін пайданы анықтап береді.
FeedSpy — әлеуметтік желілердегі контентке сараптама жасайды. Компания парақшалары, топтары үшін вирусты жазбаларды іздеп, мақсатты аудиторияның қызығушылықтарына талдау жасайды.
SemanticForce — шынайы уақыт режимінде әлеуметтік желілер мен онлайн-басылымдарға талдау жасап, бақылап отырады. Сайт сіздің брендіңіздің БАҚ бетінде қанша рет еске алынғандығын есептеп, бәсекелестермен салыстыра отырып сараптама жасайды.
SimilarWeb — веб-сараптамаға арналған сервис. Кез-келген сайттың трафигі арқылы мәлімет алады. Тексеріп көру үшін веб-нұсқасын пайдалану немесе браузер үшін плагин орнату қажет. Тегін базалық есептеулері бар.
VKPUB — "Вконтакте" желісіндегі парақшаларды бақылайтын ресурс. Парақшаларға кірушілер, көрілім саны, жазылушылар бойынша статистика жүргізіп, есеп жіберіп отырады. Тегін қолданылады.
Қосымша құралдар
Bit.ly — сілтемелерді қысқартуға арналған сайт. Сондай-ақ жарияланған сілтемелердің статистикасын жүргізеді.
JagaJam — лүпілдер мен пікірлерлі, бөлісулерді тегін есептеп беретін сервис. Бренд атауын іздеу жүйесіне енгізу ғана жеткілікті. «ВКонтакте», «Одноклассники», Facebook, Instagram, Pinterest, Twitter, YouTube, Google+ желілерімен жұмыс істейді.