Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Ұлттық банк «7-20-25» жеңілдетілген ипотекасын ұзарту мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды 7kun.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір қаржылық реттеуші оның қаржыландыруы мен басқа да параметрлерін талқылауда.
Сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру аясында президент 2029 жылға дейін «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды. Негізгі шарттарды сақтай отырып: мөлшерлеме жылдық 7%, бастапқы төлем 20%, несие беру мерзімі 25 жыл. Үкіметпен талқылау аяқталған соң барлық қабылданған шешімдер жарияланады, деп түсіндірді қаржы реттеуші.
Еске салайық, қаржыландырудың бастапқы сомасы 1 трлн теңге. Осы уақытқа дейін қаражат толық игерілмеген. Еркін лимит – 188 млрд теңге. Даму қарқынын ескерсек, ол 2023 жылы таусылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024