Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда доллардың ең жоғарғы курсы 326 теңге болды

Алматыда доллардың ең жоғарғы курсы 326 теңге болды

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 26 маусымдағы доллардың орташа бағамы 324,78 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 324,34 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 325,28 тг, сауданың аяқталуы кезінде 324,80 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 73 млн 900 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 247.

Ақша айырбастау орындарында 26 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.55) Алматыда 326 теңгені құраған.

Похожие материалы