Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 319 теңгеге дейін төмендеді

Доллар 319 теңгеге дейін төмендеді

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 шілдедегі доллардың орташа бағамы 319,71 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,05 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,80 тг, сауданың аяқталуы кезінде 320,00 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 117 млн 700 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 200.

Ақша айырбастау орындарында 1 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 322 теңгені құраған.

Похожие материалы