Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үміт Шаяхметова: Комиссиялар бойынша кірістер 8,3 пайызға төмендеді

Үміт Шаяхметова: Комиссиялар бойынша кірістер 8,3 пайызға төмендеді

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның банктік секторын сауықтыруды жалғастыру жағдайында Halyk Group компаниялары 2018 жылдың бірінші тоқсанында топтың стратегиялық бастамаларын есепті кезеңнің қорытындылары бойынша да жоспарлы іске асыруды жалғастырып, жұмыстың жақсы нәтижелерін көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

Кредиттік шығындар бойынша шығыстар 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның кейбір клиенттері проблемалық берешекті өтеуі және «Қазкоммерцбанк» АҚ және оның ресейлік еншілес ұйымының құнсызданған заемдары бойынша құрылған бір жолғы қосымша провизиялар есебінен 88 пайызға төмендеді. Нәтижесінде клиенттерге берілген қарыздар бойынша тәуекелдің құны 2017 жылы 4 тоқсандағы жылдығы 4,8 пайызбен салыстырғанда, жылдығы 0,2 пайызға дейін төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2017 жылы 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен маусымдық әсердің есебінен 8,3 пайызға төмендеді.

Өзге пайыздық емес кірістер 2017 жылы 4 тоқсандағы 48,2 млрд теңгемен салыстырғанда, 2018 жылғы 1 тоқсан үшін 10,2 пайызға – 43,3 млрд теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу негізінен пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза шығынның, ең бастысы туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан келген залалдың және 2018 жылғы 1 тоқсанда  теңге бағамының нығаюымен сауда операцияларының есебінен болды. Төмендеу шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен таза пайдамен, әсіресе 2018 жылғы 1 тоқсанға теңге бағамының нығаюы себепті баланс бойынша АҚШ долларындағы қысқа позицияларды оң қайта бағалаудың нәтижесінде ішінара өтелді.

Похожие материалы