Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған, теңгемен тартылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша максималды пайыздық мөлшерлеме 2%-ға төмендеді, деп хабарлайды LS.
Қорда директорлар кеңесі максималды сыйақы мөлшерлемесін қайта қарағаны туралы айтылды.
Шешімге сәйкес, 1 шілдеден бастап:
- жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұлттық валютадағы максималды сыйақы мөлшерлемесі жылына 12%-ға дейін төмендетілді; Бұрын бұл көрсеткіш 14% құрады.
- Жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын максималды пайыздық мөлшерлеме бір деңгейде (жылына 1%) сақталады.