Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банктің ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілді

Ұлттық банктің ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілді

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Ұлттық банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 24 мамырдағы №70 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қаулы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң жеке және заңды тұлғаларға банкноттар мен монеталарды сату, сондай-ақ оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алу тәртібін айқындайды.

Атап айтқанда, Қаулы қымбат емес металдардан жасалған коллекциялық монеталардың бағасын белгілеу тәртібін нақтылауды, сомасы 2 млн теңгеден асатын инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алатын немесе сатып алу үшін тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды Ұлттық банктің идентификаттауын, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талаптарына сәйкес оларды тексеруді көздейді.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда №16922 болып тіркелді және 2018 жылғы 11 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Похожие материалы