Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bank RBK-ның 2017 жылғы жалпы шығыны 183,7 млрд теңгені құрады

Bank RBK-ның 2017 жылғы жалпы шығыны 183,7 млрд теңгені құрады

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - «Bank RBK» АҚ-ның 2017 жылғы жалпы шығыны 183,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KASE-те жарияланған, банктің қаржылық есебінде айтылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша банктің пайдасы 7,6 млрд теңгені құрағанын айта кету керек. Сондай-ақ, 2017 жылы Bank RBK активтері шамамен 2 есе, 532 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Қаржылық есепке сәйкес, банктің міндеттемелері 438 млрд теңгеге дейін азайып, 500 млн теңгені құрап отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша банктің міндеттемелері 938 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ, Bank RBK капиталы 51 млрд теңгеге қысқарып, 31 млрд теңге болды.

Похожие материалы