Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың заң талаптарын бұзғанын анықтады, деп хабарлады Абай облыстық прокуратурасы. 

 104 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.

Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ұқсас материалдар