АҚШ соңғы бірнеше күн ішінде елде тұрақты тұру құқығын беретін «алтын» грин-карталарды сату арқылы 1,3 млрд доллар пайда тапты.
Бұл туралы елдің Сауда министрі Говард Латник мәлімдеді.
Report басылымының хабарлауынша, сатылым көлемі қысқа уақыттың ішінде осындай көрсеткішке жеткен. Қазіргі таңда «алтын» грин-карта арқылы заңдастыру үшін үміткерлер АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігіне өтініш беріп, 15 мың доллар алым төлейді. Өтініш мақұлданған жағдайда, қосымша түрде АҚШ үкіметіне 1 млн доллар төлеу талап етіледі.
АҚШ билігі бұл санаттағы грин-карталарды жедел тәртіппен қарастырып, қысқа мерзімде беруге уәде етіп отыр.





