Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ Green Card лотереясының бір бөлігін уақытша тоқтатты

АҚШ Green Card лотереясының бір бөлігін уақытша тоқтатты

АҚШ билігі жыл сайын 50 мың адамға тұрақты тұру құқығын беретін Diversity Visa Program (Green Card лотереясы) аясындағы кейбір бөлімдерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл жөнінде елдің Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдеді.

Шектеу негізінен иммиграция деңгейі төмен елдердің азаматтарына арналған DV1 visa program бөліміне қатысты енгізілген. Ресми деректерге сәйкес, шешім Brown University мен MIT оқу орындарында болған атыс оқиғаларынан кейін қабылданған. Тергеу барысында күдіктінің АҚШ-қа дәл осы бағдарлама арқылы келгені анықталған.

The Guardian басылымының жазуынша, бұл жағдай Green Card лотереясының қауіпсіздік талаптарын қайта қарауға түрткі болған. Бұған дейін Дональд Трамп та иммиграциялық визалар беру тәртібін қатаңдату қажеттігін бірнеше рет айтқан.

Сонымен қатар сарапшылар бағдарламаның уақытша тоқтатылуы заңдық дауларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Себебі Diversity Visa бағдарламасы АҚШ Конгресі бекіткен және федералдық заңмен қорғалады.

Ұқсас материалдар