Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясы Kskportal.almaty.kz жаңа веб-сайтын іске қосты. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Енді тұрғындар қажет сұрақтарын сайт арқылы қоя алады. Ведомствоның хабарлауынша, тұрғындар сайт арқылы өзі тұратын үйдің қай пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) қарайтындығын біле алады. Сонымен қатар, ПИК-тердің есептерін мен коммуналды кәсіпорындар тарифтері туралы ақпарат алады.
«Сайтта аудандық әкімдіктердің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің телефондары мен мекен жайлары, сервистік компаниялар мен коммуналдық қызмет ұсынушылар жөнінде ақпараттар орналастырылады. Сондай-ақ, сайтты қолданушылар жасалатын нормативті құжатты талқылауға қатысып, сұрақ қойып, жауап ала алады. Бұлардан өзге жаңадан ашылған порталда ПИК-тердің рейтингтері ұйымдастырылады»,- делінген хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024