Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz - «Jasyl Meken» жалпықалалық акциясы аясында шаған, қайың, жөке ағашы, емен, шегіршін, акация, шырша және басқа да ағаштың түрлері отырғызылды. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасынан хабарлады.
Қалалық акцияға 120 мыңнан астам адам қатысты. Олар ағаш егумен қатар аудандарда көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдаланудағы жерлерді, арықтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын тазалау жұмыстары жүргізді.
Жиналған қоқыстарды шығару үшін коммуналдық қызметтер мен ұйымдардың 900-дей арнайы техникасы жұмылдырылды.
Акция шеңберінде Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейінгі Шығыс айналма автомобиль жолының бойына 557 ағаш отырғызылды, соның ішінде 100 емен ағашы, 175 жөке ағашы, 100 церцис, 75 катальпа, 25 қайың жəне 82 шырша бар.
Жалпы жазға дейін қалада 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





