Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтар бір жылда 4 млрд доллар сатып алған

Алматылықтар бір жылда 4 млрд доллар сатып алған

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Ақша айырбастау пунктері арқылы сатылған ақшалардың көлемі артып келеді деп хабарлайды Ranking.kz.

2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында сатылған доллар көлемі 25,7 пайызға (1,8 млрд доллар) артып, 8,8 млрд долларды құрады. АҚШ долларының курсы орташа 324,6 теңгені көрсетсе, бір жыл бұрын орташа бір долларды 343,3 теңгеден сатып алған.

2016 жылмен салыстырғанда Қазақстанның барлық аймағында доллардың сатылым көлемі артқан. Алматыда сатып алу көлемі 26,9 пайызға өсіп, 4,0 млрд АҚШ долларын құрады. Ал Астана қаласында 10 ішінде 1,1 млрд сатып алынған. 992,5 млн доллармен үшінші орынға ОҚО жайғасқан. Оңтүстік Қазақстан облысындағы сатылым көлемі 39,8 пайызға артқан.

Похожие материалы